Сауран ауданында кәсіпкерлермен өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті

Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің техникалық директоры Талғат Ташимов, кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызмет басшысы Самиддин Монтаев, сондай-ақ Түркістан және Сауран ауданының электр желісінің бас инженері Ғани Қойшиев қатысты.

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты

Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.

Сауран ауданындағы индустриялық аймақтар кәсіпкерлікке тың серпін беруде

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің Сауран ауданына жұмыс сапарымен келіп, жаңа өндірістік аймақтардың құрылысымен танысты. Инфрақұрылыммен қамтылған индустриалды алаңдар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да зор мүмкіндік туғызып отыр.

Түркістан облысында 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Өңірде өндірісті дамыту, инвестиция тарту және инфрақұрылым жүргізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 130,3 млрд теңге болатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан қаласы: заң талабына сай қойылған сыртқы жарнама – тұтынушы құқығын сыйлаудың көрінісі

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлегеновтің төрағалығымен қала аумағындағы рұқсатсыз және ретсіз орналастырылған сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бойынша мәжіліс өтті. Жалпы, сыртқы жарнамалардың заң талабына сай орналастырылуы – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың, сыйлаудың бір түрі ретінде есептеледі. Жергілікті халықтың түсінуіне қиын, тіл заңдылығы сақталмаған, бейберекет орналастырылған жарнамалар тұтынушы құқын бұзып қана қоймай, қала келбетіне де кері әсерін тигізері анық.