Түркістан облысы: «Дарбаза» полигонында жас сарбаздар танкпен шайқас жаттығуларын өткізді
Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің көктемгі шақырылымдағы екі жүз әскери қызметшісі тактикалық және психологиялық даярлық сабақтарынан өтіп, кедергілер жолағын еңсеру және «танкпен жаттығу» элементтерін орындады.