Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында тағы бір елді мекен табиғи газбен қамтылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағы табиғи газбен қамтылды. Атап айтқанда, Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар, Бәйтерек және Керуен көшелерінде газдандыру жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте 31отбасы баспана кілтіне ие болды

Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында салынған пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі қатысып, қоныс тойын тойлаған тұрғындарды құттықтады, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызын атап өтті.

Отырар ауданында Ақтөбе–Шілік жолы жөнделуде

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының Ақтөбе ауыл округі тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелердің бірі – Шілік–Ақтөбе жолының жай-күйі болатын. Аудан басшысы тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берген еді.

Сауран ауданында Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде

2026 жылға Марокко шегірткесіне қарсы 6525 гектар аумақты өңдеу жұмыстары жоспарға қойылған. Сауран ауданында бұл жұмыстар екі секторға бөлініп жүзеге асырылады. І-секторға Жаңа Иқан мен Ескі Иқан аумақтары, ІІ-секторға Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал, Бабайқорған ауылдары жатқызылған.

Түркістан облысында 906 мың гектар аумақта мониторинг жүргізілуде

Түркістан облысында шегіртке дернәсілдеріне қарсы күрес және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар облыс әкімі Нұралхан Көшеров бақылауында іске асырылып отыр.

Түркістан облысында павлония өсіру ауқымы кеңейіп келеді

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл аймақтарды кеңейту және өңірдің көгалдандыру әлеуетін арттыру мақсатында «болашақ ағашы» аталып кеткен павлонияны егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әлемдегі ең жылдам өсетін ағаштардың бірі саналатын павлония қазіргі таңда Түркістан қаласының кіреберіс аумағында да жайқалып тұр.

Түркістан қаласының сыртындағы 23 лагерьде 35 мыңнан астам бала демалады

Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың басты назарында. 2026 жылғы жазғы маусымды жоғары деңгейде өткізу мақсатында өңірлік ведомствоаралық штаб құрылып, 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Аталған жоспар балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, сапалы тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.