Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Нұралхан Көшеровөңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрағанын айтты. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті. 2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті деді ол. Былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.