Түркістан облысы: Мемлекеттік рәміздер күніне орай 10 мыңға жуық адам қатысқан жалпыхалықтық таңғы жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бастамасымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан қаласында жалпы халықтық таңғы жаттығу ұйымдастырылды.

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 бен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азияның үздік жас спортшыларын бір арнаға тоғыстырған дүбірлі дода Түркістандағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында ұйымдастырылды.

Түркістан қаласына Азияның 15 елінен 300-ге жуық спортшы келді

Түркістанда былтыр халықаралық талапқа сай ескек есу кешені ашылған болатын. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, су спортын дамытуға қолдау көрсетті. Ескек есу кешені әлемдік додалар өткізетін деңгейге жеткізілді. Міне, сол жұмыстар жемісін бере бастады. Түркістан қаласы 2026 жылдың 3-7 маусымы аралығында байдарка мен каноэде есуден U18 бен U23 жас санатындағы Азия чемпионатын және параканоэден Азия чемпионатын қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде тарихи шаһарға Қазақстаннан бөлек Азияның 14 мемлекетінен командалар келді. Бұл – Азияның 14 елінде Түркістан туралы айтылады деген сөз.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Қажымұқан рухы ұлықталған дүбірлі дода өз мәресіне жетті

Қазақ халқының даңқты перзенті, алып күш иесі, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай Ордабасы ауданында ересектер арасында қазақ күресінен республикалық турнир жоғары деңгейде өтті.

Сауран ауданында футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылында шахмат және грек-рим күресінен облыстық жарыс өтті

Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай Ескі Иқан ауылдық округінде шахмат және грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға Түркістан облысының әр өңірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Түркістан: Мақтаарал ауданындағы шағын елді мекенде спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

Мақтаарал ауданына қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі 550 тұрғыны бар Өркен ауылында заманауи кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Ауыл халқы көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі тұрғындар үшін ерекше қуанышқа айналды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Түркістанда қоян-қолтық жекпе-жектен ҚР ТЖ министрінің кубогына арналған III турнир аяқталды

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогы жолында қоян-қолтық ұрыстан III турнир аяқталды. Екі күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен келген төтенше жағдайлар ведомствосының үздік спортшылары үздіктер атағы үшін бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті.