Түркістан: Түлкібаста қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы сөз болды

Бүгін ауданымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасын ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен форумға облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильді топ өкілдері, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы үшін аса маңызды жоба

Облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың әлеуеті талқыланды.

Түркістан қаласы: жол-көлік инфрақұрылымы – экономиканың қозғаушы күші

Түркістан қаласының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда қала аумағында 845 шақырым жол мен 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Түркістан: Өндірісті дамыту, әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға аймақтағы өндіріс орындарын заман талабына сай дамытуға басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан облысы әкімдігі тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысының әкімі: "Мемлекеттік қаржы әр тиынына дейін тиімді жұмсалуы қажет"

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігінің мәжілісінде кеңінен қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Мәжілісте өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік сатып алудың заңнамалық талаптарға сай жүргізілуі мәселесі көтерілді.

Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды

Түркістан қалалық мәслихатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен кезекті отыз бірінші сессия отырысы өтті. Сессия отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қала дамуына қатысты есептер тыңдалды. Жиынды Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев төрағалық жасап, жүргізді.

Түркістан қаласының экономикалық өсімі үшін жол мен инфрақұрылымды дамытудың маңызы аса зор

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, жол инфрақұрылымын дамыту жоспарының орындалу барысы және мердігер ұйымдардың жұмысына бақылау мен қаланың 6 секторы бойынша өзекті мәселелер қаралды. Жиында Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының экономикалық өсімі үшін жол мен инфрақұрылымды дамытудың маңызы аса зор екендігін баса айтты.