Тарих

Тарих (43)

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады. Кешеннің негізгі идеясы – түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек.

Түркістан облысы: Түлкібаста республикалық жастар шығармашылық байқауы өтті

Түлкібас ауданында «Түркібасы – айбыным, «Шынар бастау» – айдыным» атты республикалық жастар шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Марапаттау рәсімі «Шынар бастау» мәдени-рухани демалыс кешенінде өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық БАҚ басшылары, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы: Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» мекемесінің басшысымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Олжас Шарияздановпен және аталған кәсіпорынның Тараз филиалының директоры Нуртулла Бекбергеновпен кездесті.

Түркістан қаласының тарихын насихаттайтын көркем инсталляциялар орнатылып жатыр

Түркістан – тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойында қалыптасқан көне шаһар. Ежелгі кезеңде бұл өңір арқылы өткен сауда керуендерінің негізгі көлік құралы түйе болған. Сол себепті түйе бейнесі – қаланың тарихи-мәдени болмысын айқындайтын маңызды символдардың бірі.

Түркістанда кесененің реставрация тарихына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде «Қ.А.Ясауи кесенесінің зерттелуі және реставрация тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар жоғары деңгейде өтті.

Түркістандағы Хан мешітінің ішкі экспозициясы келушілер назарына ұсынылды

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы құрамындағы Хан мешітіне баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға тарихшы ғалымдар, БАҚ өкілдері және туризм саласының мамандары қатысты. Жуырда қайта қалпына келтірілген мешіттің ішкі экспозициясы толықтырылып, келушілер назарына ұсынылды. Қонақтар тарихи нысанның сәулеттік ерекшеліктерімен танысып, оның рухани-мәдени маңызы жөнінде кеңінен мағлұмат алды.

Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай танымдық конференция ұйымдастырылды

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Есімі аңызға айналған ұстаз» атты танымдық конференция өтті.

Түркістан облысы: тарихи-мәдени орындардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда өңірдегі тарихи-мәдени мұра насындарын сақтау және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Созақ көтерілісінің 95 жылдығына арналған тарихи-танымдық шара ұйымдастырылды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Созақ аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Созақ көтерілісінің 95 жылдығына арналған «Созақ көтерілісі — батырлық пен бірліктің символы» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығына» 45 жыл толды

Бүгін Отырар ауданында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен музейдің 45 жылдығына арналған «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – Отырар музейінің жарты ғасырға жуық даму жолын саралау, осы кезеңде қол жеткізілген жетістіктер мен жинақталған тәжірибені талдау, музей ісіндегі заманауи тәсілдер мен инновациялық бағыттарды талқылау арқылы болашақ дамудың стратегиялық бағыттарын айқындау.

Халықаралық деңгейде өткен шараға Қазақстанның әр аймағынан, сондай-ақ шетелден Ұлыбритания, Америка, Өзбекстан, Сервия және т.б. елдердің музей саласының жетекші мамандары, археологтар, тарихшылар, мәдениет саласының сарапшылары, музей ісінің теоретиктері мен практиктері қатысты. Жалпы саны 100-ге жуық қатысушы халықаралық тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік алды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Азамат Нұржауұлы онлайн құттықтауын жолдаса, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, музей саласына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы марапаттарын және Отырар музейінің 45 жылдық мерекелік төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ, құттықтау сөз кезегін музей саласының ардагерлері мен ғылым өкілдері жалғап, археолог, музей ісінің ардагерлері Алдабергенов Нұртаза Орынханұлы, Абдулла Жұмашев, Тұяқбаев Марат Қымызұлы өз лебіздерін білдірді.  Жиында «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Байболов Берік Қыстаубайұлы музей директорының атынан арнайы алғыс хатты табыстады.

Пленарлық отырыста Қожа Мұхтар Бахадырұлы, Салтанат Амирова, Юнусов Махмудхон Асатуллаевич баяндама жасап, тарихи өлке Отырардың шежірелі жәдігерлерін сақтауда музейдің алар орны мен ерекшелігіне тоқталды. Сондай- ақ, Философия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов университетінің доценті Айнұр Жиенбекова және Этномузей қылует директоры, Қазақстан дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі Кендебай Қарабдаловтар құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтарын табыстады.

 

Осы RSS каналға жазылу