Шымкентте 800-ге жуық адам үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді
Мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейді.
Мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейді.
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – адам өмірі мен денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сәулелік диагностика және терапия кабинеттерінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және халықтың денсаулығын қорғаудың басты шарттарының бірі екенін ескертеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын нақты әрі әділ бағалауға бағытталған маңызды қадам екені белгілі.
Шымкент қаласында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соңғы бір жылда медицина саласын қаржыландыру көлемі 18,2 пайызға өскен және МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық мекемелердің саны едәуір артқан.
Шымкентте алғаш рет қатерлі ісікке жасалған лапроскопиялық панкреатодуоденалды ота сәтті өтті. Бұл сәтті тәжірибе Шымкентте мұндай оталарды тұрақты түрде жасауға жол ашып отыр.
Елміздегі барлық қалалық емханалардың жанынан даму және ерте араласу кабинеттері ашылып, қарқынды жұмыс жасауда. Дәл сондай кабинеттің бірі № 2 қалалық емханасында да бар. Даму орталығының басты мақсаты – ананың амандығымен сәбинің саулығы дейді осы бөлменің медбикесі Шазимова Дилраба.
Шымкенттегі тұрғыны көп ауданның бірі – Тұран ауданы. Сәйкесінше осы ауданға қарасты № 2 қалалық емханаға тіркелген пациенттердің де қарасы басқа емханалармен салыстырғанда едәуір көп. Аталмыш, емхана тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі аясында сапалы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін замануи профильді емдеу мекемесі болып табылады. Пациенттері көп емхананың жұмысы да шаш етектен болары сөзсіз. Бірақ, мекеменің білікті де білімді мамандары үлкенді-кішілі емделушілері үшін тізе бүкпей жұмыс істеуге әрқашан да дайын. Әсіресе, осы бір күйбелеңге толы, стресс, депрессия, апатия мен түрлі факторлар жан жағыңнан қаумалаған заманда № 2 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметіне артылатын жүк екі есе.