Гүл шаруашылығын дамыту мақсатында Түркістан-Қытай агротехнологиялық ынтымақтастығы күшейтілмек

Түркістан облысының іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасының Юньнань провинциясына жасаған сапары өңірдің агроөнеркәсіптік даму бағытына жаңа серпін беретін маңызды тәжірибелік алаңға айналды. Делегация Цзиньнин ауданында орналасқан раушан гүлдерін топырақсыз технология — гидропоника негізінде өсіретін заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, жоғары технологиялы гүл шаруашылығының өндірістік моделін зерделеді.

Түркістан облысы Қытаймен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту және экономикалық байланыстарды тереңдету.

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бақылауда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде биыл іске асырылатын инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы және облыс аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Түркістан облысында 4 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жеткен

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі артты. 4 айда 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,8 есе артығымен орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

Түркістан облысы: Сауран ауданында балмұздық өндіретін кәсіпорынның қазығы қағылды

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінің Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндірістік алаңында құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазық қағу рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және тиісті бөлім басшылары қатысты. Өз сөзінде аудан әкімі өндірістік жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды тетігі екенін атап өтті.

Кентау қаласындағы кәсіпорын пластик қалдықтарды өңдеп, экспортқа шығаруда

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ТҚҚ) басқару және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда ТҚҚ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 36 мекеме қоқыс жинау және тасымалдаумен айналысса, 15 кәсіпорын қоқысты сұрыптау, 5 кәсіпорын қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысының өңірлік кеңесі Кентау мен Сауран бизнесмендерін жеке қабылдады

Түркістан облысы Кентау қаласында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Кентау қаласы мен Сауран ауданы кәсіпкерлерін жеке қабылдауы өтті.  Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов, Өңірлік кеңес мүшелері, Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, сондай-ақ облыстық басқармалар мен жауапты мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Түркістан қаласында «ForteBank»-тың жаңа заманауи ғимараты бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және Түркістан қаласында банк филиалының жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды.