Түркістан облысы: «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Халық әуені» жобасы аясында рухани кеш өтті

Ордабасы ауданында ұлттық өнер мен руханиятты дәріптеуге бағытталған «Халық әуені» мәдени жобасы аясында тағылымы мол рухани кеш ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның демеушілігімен өткен жоба өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.

Түркістан қаласында Жайдарман Ұлттық лигасының ¼ финал ойындары ұйымдастырылды

Түркістан қаласында «Жайдарман» Ұлттық лигасының 1/ 4 финалдық кезеңі өтті. Аталған іс-шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды.

Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатқа ие болды

Күні кеше Түркістан қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сала мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет пен өнердің еліміз үшін орны зор екенін айтып, өңірде осы бағытта атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Түркістан облысында «Халық әуені» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы кеше Түркістан облысында ресми ашылуы өтті.

Түркістан облысы: республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өз мәресіне жетті

Отырар аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жыршы-термешілер ұлттық өнерді дәріптеп, сөз құдіретін насихаттады.

Түркістанда «TURAN DANCE» республикалық би байқауы бастау алды

Облыс орталығында Халықаралық бишілер күніне орай «TURAN DANCE» республикалық би байқауы басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, өзге де мемлекеттерден келген кәсіби би ұжымдары «халық биі» жанры бойынша өз өнерлерін ұсынды. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өңірде мәдениет саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы: Түлкібаста «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі ұйымдастырылды

Ұлы Жібек жолының бойында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас төрінде қазақ даласының жауһары – Шұбайқызыл қызғалдағына арналған «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – табиғаттың ғажайып сыйын дәріптеп қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтауға үндеу болды.