Түркістан:Созақ ауданының экономикасын әртараптандыру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Оған басқарма басшылары, аудан әкімі және өзге де жауапты тұлғалар қатысты. Өңір басшысы ауданды дамыту жұмыстарын жандандыру маңызды екеніне тоқталды.

Түркістан: Облыс әкімі ҚР Парламенті сенаты мен мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Бүгін Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Ұласбек Сәдібеков, Қайрат Балабиев, Кенжеғұл Сейтжан және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен келді.

Облыс орталығы атанған 7 жылда Түркістан қаласында өнеркәсіп орындарының саны едәуір арта түскен

Осы маусым айында Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл толды. 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті.

Түркістан: Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды

Арыс қаласында көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда. Қалаға кіреберіс жолдар бойындағы жасыл белдеулер мен жайқалған ағаштар осының дәлелі. Айта кетерлігі, бұл ағаштардың көпшілігі қаладағы арнайы тұқымбақта өсіріліп, жергілікті ауа райына бейімделген көшеттер болып табылады.

Түркістан: Мақтааралда бақшаның экспорттық әлеуеті артуда

Күні кеше Түркістан облысның БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-тур сапарымен келіп, ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жетістіктердің куәсі болды. Тілшілер ауданға қарасты Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «Агрогруз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.