Сайрам:Кезекті рейд

Сайрам ауданының прокуроры Д.Тлемисовтың бастамасымен құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік шара өткізді.

Ақсукент ауылдық округі аумағындағы тойханалар мен адам көп жиналатын дәмхана иелерімен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жалғастырды.

Жұмысшы тобы рейд барысында елді мекен аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмаған балаларды еңбек шартын жасаспастан жұмысқа алу фактілерін зерделеді. Нысан басшыларына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа қабылдаған жағдайда ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыным әзірленетіндігі ескертілді.

Кәмелет жасына толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

ТҮЛКІБАС: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖИЫНЫ

Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық аурухана және АПБ ұйымдастыруымен «Гагарин» атындағы ЖОМ-де керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық – зомбылықтың алдын алу және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары жүргізілді.Өздеріңізге белгілі, бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр. Сондықтан да елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады.Бүгінгі жағдайда Түркістан қаласында діни ахуалды қалыпты және тұрақты жағдайда деп сипаттауға болады. Қаладағы діни бірлестіктер мен филиалдар еліміздегі заңдылықтар аясында қызмет жасауда, олардың арасында өзара ынтымақтастық орныққан, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлесін қосуда. Алайда, қала тұрғындарына әсіресе жастарымызға түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағамдардың және оларды жақтаушы адамдардың халық арасында адасушылық тудырып, елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлікке, ауызбіршілікке нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттеріне қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мешіттердің, оларды басқарушы дін мамандарының рөлі күшейтілуде.  Мешіттерді басқарушы имамдардың жастарға берер діни бағыттағы тәрбиесі өз деңгейінде жүргізілуде.  Қала көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпарттық-насихаттық топ мүшелері қала аумағындағы барлық білім беру мекемелерінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өз жұмыстарын жүргізіп келеді,-деді жиналғандар.

 

Үлгілі ауыл - Қарамұрт.

Түркістан облысына қарасты, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінің ауызбіршілігіне дән риза болдым.

Әр көше комитетінің төрағаларын тағайындап, төбе биімен қоса, жергілікті ақжағалылармен бірлесе қыруар мәселелерді шешіп тастаған. Мәселен, орталық парк, стадион, интеллект оқу орталығы, әртүрлі бағыттағы үйірмелер, спорт комплекстер ашылуына мұрындық болған. Қазіргі жетістіктері айтарлықтай, Венгрия, Турция елдерінен жүлделі орындармен оралған.

Қарамұрт - ғалымдар мекені, десек артық болмас, себебі, бір округтен 74 ғылым кандидаты, 15 ғылым докторлары, 2 академик шыққан және үрдіс жалғасын табуда.

Ең кереметі, "Үлгілі отбасы", "Үлгілі көше", "Үздік көше комитеті" сияқты номинациялармен елді ынталандырып, идеологияны биік деңгейде ұстап отыр. Тіптен, ысырапшылдыққа жол бермей, той-дұмалақ, өлім-жітімдегі шығын бәсекелестігіне шектеу қойған. Барлығы бір деңгейде, шектеу нормаларын сақтай отырып, ақсақалдар мен төбе бидің бақылауында өтеді.

Округтегі 17531 тұрғынды ауызбіршілікке үндеп, елдің ынтымақ пен бірлігін ту еткен, өзбек ағайындарына қазақ тілін жетік меңгеруіне өлшеусіз үлес қосқан Қарамұрт ауылдық округінің төбе биі

Маннанов Абдуғаффор Маликовичке алғысым шексіз.

ТҮЛКІБАС: ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТУДЕ

Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық аурухана және АПБ ұйымдастыруымен «Гагарин» атындағы ЖОМ-де өз-өзіне қол жұмсау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу тақырыбында жиын өтті. Сала мамандары оқушыларға аталмыш тақырып бойынша лекция оқыды.

Адамзат баласының өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін ғылыми тілде суицид деп атайды. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның мінез-құлық актісі болып табылады. Адам өмірінің ең басты құндылығы тіршілік. Өмірге бір күннің ішінде мыңдаған адам келіп жатса, мыңдаған адам бақилық болып жатады. Көптеген адамдар талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірімен озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама? Әлемді алаңдатып отырған осы мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. Қазіргі таңда қанды қылмыс пен соғысқа қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер саны көп екен.

Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайты анықталды.

Әдебиеттерде суицидтік әрекеттерді көбінесе «аутожарақат», «аутоагрессия» деген терминдермен байланыстыра қарайды. Егер аутоагрессия актінің соңғы мақсаты – өзіне-өзі қол жұмсау болса, онда оны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Сонымен қатар, қасақана дене мүшесін зақымдауды, психоз күйіндегі адамдардың аутоагрессивті актілерін және осындай басқа да іс-әрекеттерді суицидтік әрекетке жатқызуға болмайды. Жәбірленушінің немесе есі дұрыс емес адамның абайсызда өз өмірімен қоштасуы өзіне-өзі қол жұмсауға жатпайды. Мұндай жағдайларда өмір үшін қауіпті іс-әрекеттер өзін-өзі өлтіруге бағытталмайды және олардың басқа да себептері мен мақсаттары болады, сондықтан оларды жазатайым оқиғалар санатына жатқызу керек. Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойларға бағытталған психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары. Ішкі нысандарға суицидтік ойлар (елестету, уайымдау); суицидтік үрдістер (ниет, мақсат) сыртқы нысандарға – суицидтік көріністер, суицидке оқталу (әрекеттену) жатады. Суицидтік ойлар (елестету, уайымдау) – өмірдің мағынасыздығы, құнсыздығы туралы пассивті ойлар («өмір сүруге тұрғысыз», «өмірде бақыт жоқ», «өмір сүрмейсің тек қана күнелтесің»), сондай-ақ өз өлімі туралы фантазиялар («өлсем жақсы болар еді», «ұйықтап содан қайта оянбасам»), бірақ өзіне-өзі қол жұмсамау. Қандай да бір қақтығысты немесе жүйкені зақымдайтын жағдайларды бастан кешкенде әдетте суицидтік ойлар барлық адамдарда кездеседі, бірақ олар суицидтік үрдіске ұласпайды. Суицидтік үрдіс (ниет, мақсат) – өзіне-өзі қол жұмсауды жан-жақты қарастыру, суицидтің жоспарын әзірлеу, өзіне-өзі қол жұмсау әдістерін, оның уақыты мен жүзеге асыратын орнын белгілеу болып табылады. Бұл ретте суицидттік әрекетті тікелей орындауға ниеттенуге байланысты сыртқы мінез-құлықта қобалжу байқалуы мүмкін. Осы кезеңде суициденттер көп жағдайларда өзінің суицидтік ниеттерін туыстарына, достарына, тұспалдап немесе әзілдеп (суицидтік көрініс) жеткізеді. Суициденттердің ішінде шамамен 15% мұны ашық және көпшілік алдында білдіреді. Қоршаған орта осындай ашық жариялауларды әдетте шындық ретінде қабылдамай, көбінесе көңіл аудармайды. Алайда оларды бағалауға болмайды. Осындай барлық жағдайда, яғни ашық пікірлер айтылған кезде міндетті түрде психологтың кеңесі қажет.

 Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:

 

  • Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;
  • Оқушы отбасымен тығыз байланыста болу;
  • Баланың балалық шағын қорғау үдерістерін іске қосу;
  • Оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде);

Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуі қажет. Жасөспірімдердің суицидке бейімділігінің себебін анықтау, тіпті солай деп жорудың өзі қиынға түседі. Бұл көбіне балалардың мінез-құлқының тұрақсыздығына да, сондай-ақ анықтау және балаға жәй ғана назар аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады. Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтан оларға ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі қажет.

Суицидтік әрекет көбінесе, жасөспірімнің сабақ үлгермеушілігі, оған ынтасының төмендеуі, ересектермен қарым-қатынасының шектелуі, сезім тұрақсыздығынан байқалады. Тәрбиедегі ақаулық, дене жазасының басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық қимыл-қозғалыс деңгейінің жоғарылауына әкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау – жасөспірімге кері әсерін тигізеді.

Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу – психологтардың ең басты міндеті.

Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет.

Жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Өзіне-өзі қол жұмсауға баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық ауруларымен, көңіл-күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесін зерттегенде анықталған: тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді…

Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Жасөспірімдерге өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі.

Жасөспірімдерді қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады. Оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан-жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы  түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады:

- философиялық түсінікте өзін-өзі өлтіру (өмірдің мәнін жоғалту);

- психологиялық (фрустрация-барлығынан  бетінің қайтуы);

- әлеуметтік (әлеуметтік  жағынан өз  орнын  таппау, қанағаттанбау  сезімі, әлеуметтік  мәртебесін жоғалту);

- медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы).

Түрлері:

  • Біріншісі – шынайы суицид. Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді.
  • Екінші түрі – демонстративті суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбісі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді (мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі).
  • Үшінші түрі – жсырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді (мысалы нашақорлық, алкоголизм т.б).

Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлық кеселінен, 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады дейді мамандар.

Депрессия дегеніміз – бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «Өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» - депті.

Қорытындылай келе өмірін өз қолымен қиған жастар қатары жыл санап артып келеді. Ал, оның алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілмей жатыр. Айталық, суицидке қарсы ақпараттық-насихат жұмыстары. Теледидар арқылы оған қарсы жарнама немесе бейнероликтер қаншалықты көрсетіліп жатыр? Көрдіңіз бе? Бар мәселенің өзегі тәрбие екендігін әлем ғалымдары мойындап қойды бүгінде. Ал, қандай тәрбие? Бұл сұраққа да тұтыға жауап беретініміз де айқын. Өйткені, өз баласына күніне 15-ақ минут уақыт бөлетін ата-ананың балаға қандай тәрбие беруі мүмкін. Бұл жағдайда бала өзін-өзі тәрбиелейді. Шеше емес, көше тәрбиелейді. Арты өкінішті жағдайға соқтырып жатқанын айтудың өзі артық. Дін тұрғысынан берілген тәрбие баланың мұндай қадамдарға баруының алдын-алып қоймай, оны көркем мінезді, ақылды әрі қайбір сынаққа болсын сынып қалмай, көтере білетін тұлға қылып қалыптастырады. Өйкені, мұсылман елдерінде суицид жоқ. Деген мамандар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жаман қылықтан бойын аулақ ұстауға үгіттеді.

"АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА 9 ЖЫЛ ТОЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Осы салада өнім сапасы мен көлемі жағынан көрсеткіштер жыл сайын артуда.

Қол жеткізіп отырған табыстарға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалының қосып отырған өзіндік үлесі бар.

Бұл орайда, бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков аталған филиалдың басшысы мен ұжымын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына 9 жыл толу күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Филиал директоры Галымжан Байболов, қызметкерлері Кайрат Асылболатов және М.Омаров, жеке кәсіпкер Сикымбай Сагындыковтар белсенді еңбектері үшін грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен әрі қарай дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру, бизнестің және мемлекетпен кәсіпкерлер арасында сенімді диалог алаңын құру жолымен кәсіпкерлікті шоғырландыру, қорғау және тұрақты дамыту мақсатында құрылған.

Ауданда 2014 жылдан бастап облыстық Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалы тіркеліп, қызметін атқаруда.

2014 жылдан 2015 жылға дейін өңірлік кәсіпкерлік палатасы ісін жаңадан бастаған және әрекеттегі кәсіпкерлерге тегін кеңес және сервистік заңгерлік, бухгалтерлік, статистикалық есептілікті тапсыру тағы да басқа рұқсаттама қызметтері көрсетілді.

2015 жылдан бастап аталған мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 деңгейлі банк шағын МҚҰ-мен кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларда сүйемелдеу қызметтері көрсетілді.

Атап айтқанда,

кәсіпкерлердің құқығын қорғау - 96 кәсіпкер;

кәсіпкерлерге қаржылай емес және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер - 2700;

кәсіпкерлерге (несие алу) жобаларды сүйемелдеу бойынша - 980 жоба 3 000 000 000 жуық қаржыландырылып, 2500 жуық адам жұмыспен қамтылды;

тауар өндірушілерге сертификат алу - 100 жуық;

кәсіпкерлерге шет елдерден біліктілігін арттыру бойынша маман тарту;

өңірдегі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге аудан әкімдігі мен кәсіпкерлерімен бірлесіп, гуманитарлық көмек көрсетілді.

 

ТҮЛКІБАС: ҚЫЛМЫСПЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық аурухана және АПБ ұйымдастыруымен «Гагарин» атындағы ЖОМ-де құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық – зомбылықтың алдын алу және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық. Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады.
Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда.
Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.
Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдеміз деп тарқасты жиналғандар.

Мақтааралдық полицейлер базар сатушыларымен кездесті

 

Өрт – тілсіз жау. Қазіргі таңдағы қоғамдағы ең қауіпті құбылыс. Сондықтан оны болдырмаудың алдын алу барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Осы тұрғыда Мақтаарал ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп, өрттің алдын алу мақсатында арнайы шара ұйымдастырды. Яғни аудандағы базарлар мен сауда орындарындағы қылмыстардың алдын алу үшін арнайы базар иелері мен сатушылармен кездесіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында, полицейлер кәсіпкерлерге қауіпсіздік шаралары, тауар ұрлығының алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады. Өрт болған жағдайда қандай шаралар атқарылу керектігі жайлы да сөз қозғап, базар сатушыларының туындаған сауалдарына тұщымды жауап берді.

Облыс полицейлері тұрғындарға өрт сөндіру заттары - ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар қолданылатындығын ескертеді.

Түркістан: «Стоп-трафик» шарасы өтуде

Түркістан облысының полицейлері "Стоп-трафик" іс-шарасы кезінде притонды анықтады.

Ағымдағы жылдың 7-9 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында ауқымды "Стоп-трафик" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - жедел жағдайды жақсарту бойынша шараларды жандандыру, жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесу болып табылады.

Аталмыш "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінде притон ұйымдастыруға күдікті жергілікті тұрғынды және жеңіл жүрісті қызды, оларды полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде ақша қаражаты алынды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі "Притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды адам саудасының, еңбек және құлдықтың құрбаны болмау туралы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.