Сайрам ауданының прокуроры Д.Тлемисовтың бастамасымен құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік шара өткізді.
Ақсукент ауылдық округі аумағындағы тойханалар мен адам көп жиналатын дәмхана иелерімен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жалғастырды.
Жұмысшы тобы рейд барысында елді мекен аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмаған балаларды еңбек шартын жасаспастан жұмысқа алу фактілерін зерделеді. Нысан басшыларына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа қабылдаған жағдайда ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыным әзірленетіндігі ескертілді.
Кәмелет жасына толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.