Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық аурухана және АПБ ұйымдастыруымен «Гагарин» атындағы ЖОМ-де керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық – зомбылықтың алдын алу және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары жүргізілді.Өздеріңізге белгілі, бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр. Сондықтан да елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады.Бүгінгі жағдайда Түркістан қаласында діни ахуалды қалыпты және тұрақты жағдайда деп сипаттауға болады. Қаладағы діни бірлестіктер мен филиалдар еліміздегі заңдылықтар аясында қызмет жасауда, олардың арасында өзара ынтымақтастық орныққан, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлесін қосуда. Алайда, қала тұрғындарына әсіресе жастарымызға түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағамдардың және оларды жақтаушы адамдардың халық арасында адасушылық тудырып, елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлікке, ауызбіршілікке нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттеріне қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мешіттердің, оларды басқарушы дін мамандарының рөлі күшейтілуде. Мешіттерді басқарушы имамдардың жастарға берер діни бағыттағы тәрбиесі өз деңгейінде жүргізілуде. Қала көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпарттық-насихаттық топ мүшелері қала аумағындағы барлық білім беру мекемелерінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өз жұмыстарын жүргізіп келеді,-деді жиналғандар.