Жұма, 09 Қыркүйек 2022 18:36

Үлгілі ауыл - Қарамұрт.

Түркістан облысына қарасты, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінің ауызбіршілігіне дән риза болдым.

Әр көше комитетінің төрағаларын тағайындап, төбе биімен қоса, жергілікті ақжағалылармен бірлесе қыруар мәселелерді шешіп тастаған. Мәселен, орталық парк, стадион, интеллект оқу орталығы, әртүрлі бағыттағы үйірмелер, спорт комплекстер ашылуына мұрындық болған. Қазіргі жетістіктері айтарлықтай, Венгрия, Турция елдерінен жүлделі орындармен оралған.

Қарамұрт - ғалымдар мекені, десек артық болмас, себебі, бір округтен 74 ғылым кандидаты, 15 ғылым докторлары, 2 академик шыққан және үрдіс жалғасын табуда.

Ең кереметі, "Үлгілі отбасы", "Үлгілі көше", "Үздік көше комитеті" сияқты номинациялармен елді ынталандырып, идеологияны биік деңгейде ұстап отыр. Тіптен, ысырапшылдыққа жол бермей, той-дұмалақ, өлім-жітімдегі шығын бәсекелестігіне шектеу қойған. Барлығы бір деңгейде, шектеу нормаларын сақтай отырып, ақсақалдар мен төбе бидің бақылауында өтеді.

Округтегі 17531 тұрғынды ауызбіршілікке үндеп, елдің ынтымақ пен бірлігін ту еткен, өзбек ағайындарына қазақ тілін жетік меңгеруіне өлшеусіз үлес қосқан Қарамұрт ауылдық округінің төбе биі

Маннанов Абдуғаффор Маликовичке алғысым шексіз.

Оқылды 456 рет