ЖЕТІСАЙ: 7 ЖЫЛ КӨЛІК БАСҚАРА АЛМАЙДЫ

 Мас халде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жетісай ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі уақытта жол ережелерін бұзып келе жатқан «Опель Вектра» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.

Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайттарға байланысты іс құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, көлік иесін 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Өз кезегінде, облыс полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.

Түркістан: Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің

Қазіргі таңда, өзекті мәселелердің бірі – жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға көптеп бет бұруы. Бұған дейін қаншама қазақтың ұл-қыздары «Алланы іздеп» шекара асып, өзге елде орын алған майданға аттанып кетті.  Қаншама жалынды жастарымыз ажал апанына құлады. Ал, қаншама азаматтарымыз темір қапасқа қамалды. Осындай, теріс дінді насихаттаушы тажалдың тырнағында қанша жастарымыздың жүргені бізге беймәлім?!

Дінді теріс насихаттаушылардың сөзіне алданып, заң алдында жауапқа тартылып Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты  ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтармен тілдесіп қайттық.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысының аумағында 2 аса ауыр емес жазасын өтеушілер және ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі жұмыс атқарады. Осы аталған мекемеде аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар мен қылмыстардың қайталануы кезінде бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген 500-ге жуық сотталған жазасын өтеуде.    

Оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің экстремизм және терроризмге қатысты баптары бойынша 16 азамат сотты болған. Бұл сотталғандардың басым көпшілігі интернет желісінің құрбаны болғандар.  

Намазға жығылғанда, анамның қуанғаны-ай 

Соның бірі осы мекемеде жазасын өтеуші Қайсар өзінің жасаған қателігіне өкінетінін айтып, өскелең жастарды радикалды дінді насихаттаушыларға алданып қалмауға шақырды.  

- Тоғызыншы сыныпта «крутой»  жігіттерге еліктеп шарап ішіп, темекіге әуестендім. Үйге ішіп келетінді шығардым. Анама дөрекі сөйлеп, балағат сөздерді айтып қатты ренжіткен кездерім де болды. Сөйтіп жүріп мектеп қабырғасын орташа бағамен оқып, 9-шы сыныптан кейін Орал қаласындағы колледждің бірінде «салық ісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Колледжде жаңа орта, жаңа достар пайда болды. Бір досым намаз оқып, мешіттен білім алып жүрді. Бір күні мен досыммен бірге мешітке бардым. Имамның уағызын тыңдап, діни сауатымды жетілдіруге тырыстым. Сол кезден бастап, «дінге» деген қызығушылығым күн санап арта түсті. Кейін ауылға қайтып келген соң, намазхан сыныптас досдарыммен араласып, оларға өзімнің намаз оқуға ықыласымның ауғанын айттым. Солардың үйретуімен 2012 жылы ораза айында ораза ұстап, бес уақыт намаз оқи бастадым. Менің дін жолына түсіп, намаз оқып, сабырлы болғанымды көріп анам қатты қуанды. Қуанғаны соншалық мен намаз оқып отырғанымда сүйсіне қарап тұратын. Анамның күлімсіреген сол бейнесі әлі көз алдымда. «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» демекші діни сауттылығымның болмауының және өзгелердің сөзіне еруімнің салдары түрмеге қамалуыма әкеп соқты. Бұлай болады деп кім ойлаған?! Әрине, кінә өзімнен, - деді Қайсар.

Ол алғашында өзінің діни ілімі бар имамдардан дәріс алмай, достарының сөзіне еріп теріс жолды таңдағанын аңғармады. Өзіне жақын тартқан достары «оны алдамайды, теріс жолға жетелемейді» деп ойлады. Соларға еріп Азамат та сақалды өсірді, шалбардың балағын кесті. Өзінің айналасындағылардың бәрі де оған харам болып көрінді.

 

Мен теріс ілімді ғаламтордан алдым

 Алғашында мешіт имамдарынан намазды Әбу Ханифа мазһабы бойынша үйреніп, оқи бастадым. Достарымның ықпалымен Сауд Арабиясының шейхтары Абдулуахаб пен Альбанидің кітаптарын  оқып, мәзһаптан бас тартып, намазды «сүнна» бойынша оқыдым. Дінге өзім қызыға бастадым. Мен ұстазға барған емеспін. Діннен хабарымыз болмағандықтан, сұраққа жауапты өзім іздедім. Кейінен, бір-бірімізден кімнен білім алуға болатындығын сұрастырдық. Интернет желісінен араб елдерінің шейхтарының жағымсыз уағыздарын тыңдап, мешіт имамдарын адасқан, бидғатшы «дінге жаңалық енгізуші, адамдарды адастырушы» деп айыптадым. Имамдардың айтқан уағыздарына құлақ аспай, намазды жан-тәннімен беріліп бұрынғыдай оқымайтын болдым. Себебі, араб шейхтарының уағызы, біздің еліміздегі имамдарға және ата-бабамыз ұстанып келген «дінге» деген жаман ой қалыптастырды. Дәстүрлі дінге сенім жоғалып, оның орнына «радикалды дінге»  деген оң көзқарас пайда болды. Теріс дінді уағыздаушылардың мына сөзін санама түйіп алдым: «Мұсылман мен кәпірдің айырмасы намаз» деген хадисті теріс түсініп, намаз оқымайтын адамдарға «кәпір» деп қарадым. Олармен соғысу керек, оларды өлтіру сауап іс, осы жолда шаһид болған адам Аллаға жақын болады» деген ұстаным санамды жаулап алды, - деді ол.

 

«Ислам мемлекетіне» барып, соғысқым келді

   Теріс ағымның жетегінде кеткен ол «Ислам мемлекетіне» барып, соғысқысы келгенін де жасырмады.

  - Радикалды діни көзқарасты жақтаушылар «Cен ешкімді тыңдамауың керек, тек олардың ғалымдарының айтқаны ғана дұрыс. Барлық әлем сенің жауың, барлығы тек саған жамандық тілейді, барлығы исламға қарсы жауласып, оны құртқысы келеді» деп үйрететін. Сол себепті, «қазақ жерін «кәпірлер елі» деп қабылдадым. «Жер бетінде шариғатпен үкім ететін ислам мемлекеті үшін соғысу керек» деген сөзді қолдадым.  «Өзін «мұсылман» деп санайтын адам сол елге хижрат етіп немесе көшіп барып, сол жақта өмір сүруі керек» деп ойладым. Сөйтіп, жүргенде Сирия жерінде Ирак пен Шам өлкесінде «Ислам мемлекеті құрылды» деген ақпарат ғаламторда пайда болды. Олардың іс-әрекетін күні бүгінге дейін қолдап келдім. Ол жер мен үшін «жұмақ» болып көрінде. Сол жақта жаңа өмір бастауды армандадым.  Менің «Жәннәт» көрген елге баруға анам түбегейлі қарсы болды. Отбасымды, анамды «кәпірлердің ордасына» тастап кетуге қимадым. Содан кейін, 2016 жылы жаз айларында Ақтөбе қаласында Ирак пен Шамдағы ислам мемлекетін қолдап жүрген бір топ адамдармен қарулы қақтығыс жасалды. Бірнеше адам қайтыс болды. Олардың әрекетін «дұрыс» деп ойладым. Айналамдағыларға олардың жасаған ісін елі мен жері үшін күрескен нар тұлғалы батырларды сомдаған жыраулар секілді, насихаттай бастадым. Осы оқиғадан кейін, экстремистік «Ислам мемлекеті» халықаралық ұйымына қосылмақ болдым. Сөйтіп, сегіз адамнан құрылған топ Орал қаласында қақтығыс ұйымдастыруды жоспарлап жүрген кезде, яғни дайындық үстінде қолға түстім. Міне, ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша айыпталып, 11 жылға бас бостандығымнан айырылдым. «Терроризмді насихаттаушы», «діни алауыздықты тудырушы» деген айып тағылды, - деді Қайсар.

 

 

Өзгерген өмір

 Ол салафиттік ағымға бет бұрғанға дейін өзінің мүлдем бөтен адам болғанын айтады. Осы бағытқа бет бұрғанан кейін мүлдем өзгергенін де жасырмады. Өзінің теріс жолға түскенін түсініп, теолог мамандарының кеңесінен кейін тура жолды таңдады.

- Ата-анамды, ағайын-туыстарымды, дос-жаранды «кәпір» деп олармен араласпай кеттім. Әке-шешеммен жиі сөзге келіп қалатын едім. Менің теріс жолға түскенімді сезген ата-анам мешіт имамдарынан кеңес сұрай бастады. Ал, мен болсам оларға «Имамдар мен үшін білімді ғалым емес, олар Құранды хадисті теріске шығарып, үкіметтің айтқанын ғана қайталайтын қуыршақтар» деп сөз таластыратын едім. Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 мекемесінде жазамды өтеп жатырмын. Оңалту жұмыстарын жүргізетін мекеме қызметкерлері мен имам-теологтардың діни танымдық түсіндіру жұмыстарының арқасында көп нәрселерді білдім. Сирия жеріндегі жағдай діни жағдай емес саяси қарулы қақтығыс екенін түсіндім. Бидғат, такфир, хижрат, тағут мәселелерінің кең мағыналарын түсінбей, радикалды көзқарастарда болғаным надандығым екенін ұқтым. Бір адамның ғана айтқанын тыңдап, көзсіз еріп кетуге болмайтынын, Дін мәселесінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына жүгіну міндеттігін түсіндім. Мекеме қызметкерлері мен имам-теологтарға айтар алғысым шексіз, - деді ол.

Әрине, өкінішім көп…

  Өзінің діни білімсіздігінің кесірінен теріс ағымның жетегінде кеткен жігіт өз ісіне өкінетінін де жасырмады.

- Менің сіздерге айтып отырған осы сөздерімді оқыған адамдар «бұл жігітке осы сөздерді мәжбүрлі түрде айтқызды. Айтқан сөзінің бәрі жалған, ертең түрмеден шыққанан кейін осы ісі тағы да қайталайды» деп мені сөгулері мүмкін. Алайда, мен өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Ағайын-туыстарыма, жанашыр достарыма, көршілеріме ауыр сөздер айтқаным үшін шын жүрегімнен кешірім сұраймын. Жастардың діни сауаты мықты болуы үшін «дінтану» сабағын мектептен оқытқан жөн деп ойлаймын. Себебі, мен тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге түстім. Діни білімім болмағанның салдарынан әркімнің сөзіне еріп, өз еліме қастандық жасай жаздадым. Жастар ғаламтор арқылы діни білім алып, шет елдің ғалымдарының сөзіне сенбей, діннен хабары бар мешіт имамдарынан білім алғанын қалаймын. Біздің еліміздің имамдары қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін білетін имам-теолог мамандарын тыңдауы керек, - дейді сотталушы.

Ата-анамнан кешірім сұраймын...

- Сіздердің сайттарыңыз арқылы ең алдымен, өзімнің жасаған қателігім үшін ата-анамнан кешірім сұраймын. Осы жасаған ісім үшін қатты ұяламын. Бәрінен де бұрын, ата-анамның мені кешіргенін қатты қалаймын. Олар маған деген сенімін жоғалтпаса екен. Мен өзімнің жасаған қателігімді түсіндім. Әрбір айтқан дөрекі сөзім мен жасаған ісім үшін өкінемін. Мен жазамды өтеп шыққанан кейін ата-анам, отбасым үшін өмір сүремін. Менің санамды улаған теріс ағымнан дер кеінде құтқарғандарға да алғыс білдіремін. Полиция қызметкерлері менің әрекетімді аңғарып, құрықтауға кіріспегенде қаншама жазықсыз жанның қанын мойныма жүктер едім. Шет ел асып «ислам мемлекеті үшін соғысамын» деп өліп кетер ме едім?! Азғырушылардың жетегінде кетіп, мүлдем тұңғиыққа батып отбасымды, ата-анамды мүлдем көре алмас та едім. Бүгінгі таңда  адасқан көзқарасымнан қайтып, тура жолға нық тұрдым. Отбасыма тезірек оралып, менің қателігім үшін өкініштен қан жұтып, қайғыра жылап отырған анамды жұбатып, оның ризашылығын алсам деймін, - деп көз жасына ерік берді Қайсар.

Рас, дін атаулыны, оның қыр-сырын, ғибадат амалдарын әркім өзінше қабылдап атқаруы – бұл оның жеке ықтияры.  Алайда өз ұстанымын ғана хақ санап оны басқаға мәжбүрлеп, келіспегенді «кәпір» деп сөгіп қыспаққа алу, басқаның пікіріне деген асқан төзімсіздік таныту діншілдікке жатпайды.

Осындай кереғар ұғымдағы шолақ белсенділер қазақтың арасында іріткі салуда. Арабтарға еліктесе, оларша сақал қойып киінсе, бетті бүркемелесе, қазақтың сөзін арабша баламаға алмастырса, бітті «таза мұсылман боласың» деген тұрпайы пікір етек жайғаны өкінішті. Есесіне, Ислам дегеніміз сырт пішін емес, ең алдымен ыждахат, иманға келу, адалдыққа ұмтылып, сабырлық таныту, мұқтаж жандарға көмек беру, ашу-ызаны ақылға жеңгізу, кешірімшіл болуды меңзейтін ілім екені ескерілмей қалатыны қынжылтады.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің маманы             

 

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жобалар жүзеге асырылуда?

Осы және де осы саладағы басқа да атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтып береді.

- Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін қандай алдын алу шаралары қабылдануда?

- Профилактиканың пәрменді әдістерінің бірі мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар үшін тергеу изоляторына экскурсиялар жүргізу болып табылады. Алыс емес жерлерге бару үнемі жүргізіледі. Бұл экскурсияларға мектеп және балабақша директорлары, медициналық мекемелердің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесте, сондай-ақ біздің бастамамыз бойынша құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты бақылау жөніндегі комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін тыңдау да алдын алу шарасы деп санауға болады.

Ауруханалар мен емханалардың ұжымдарымен профилактикалық кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, тек екі жыл ішінде департамент медициналық салада 40 қылмысты тіркеді: 2021 жылы - 12 және 2022 жылдың сегіз айында - 28.

- Сіздің ведомство сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы қалай біледі?

- Қазақстан бойынша 1424 бірыңғай сall-орталығы жұмыс істейді. Орталық тәулік бойы сыбайлас жемқорлық фактілері, жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы телефон хабарламаларына жауап береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті агенттіктің кезекші офицерімен дереу байланыстырады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды. Әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалады және жедел іс-шаралар жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауды Департаменттің жедел-тергеу бөлімшелері оның негізгі қызметі шеңберінде дербес жүргізеді.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен көмек көрсететін адамдар үшін заң жүзінде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.

Көтермелеу ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ соттың заңды күшіне енген үкімі, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, прокурор бекіткен қылмыстық істі тоқтату туралы қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе қылмыстық іс жүргізу кодексінің (пп) негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы сот қаулысы болған кезде жүзеге асырылатынын атап өтемін. 35, 36. - Шамамен.).

Ағымдағы жылы сегіз ай ішінде бес адам көтермеленді, олардың жалпы сыйақы мөлшері бір миллион теңгеден асты.

Заңның үстемдігі, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығы басымдық болып қала береді. Мұнда біз қылмыстық-құқықтық шараларды қосамыз.

Құқық қолдану практикасы көрсеткендей, жекелеген мемлекеттік органдардың қызметінде әлі де теріс көрініс бар. Департамент екі жыл ішінде 168 қылмысты тіркеді: 2021 жылы 82 және 2022 жылдың сегіз айында - 86.

Салалар бойынша құқық бұзушылықтардың көпшілігі құқық қорғау саласында тіркелген - 50 Қылмыс, Денсаулық сақтау жүйесінде - 40, Құрылыс - 19, білім беру - 16.

Мәселен, бизнестің қызметіне жүйелі кедергі келтірді деген айыппен Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Құрбанходжаев әшкереленді, ол медициналық қызмет көрсетуге лицензия бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды. Сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 27 миллион теңге айыппұл салуға үкім шығарды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы ТЖД Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Алимовтың өзі жалға алған қоймадағы өрт үшін "D" ЖШС директорына қылмыстық жауаптылықпен қорқытқан Қылмыспен сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу мысалын келтіремін. Белгілі бір ДСМ үшін Әлімов кәсіпкерге әкімшілік айыппұл түрінде жеңіл жаза беруге уәде берді және кәсіпкер өкілінен 500 мың теңге көлемінде пара алды. ШОБ субъектісінің заңды қызметіне кедергі бар.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Әлімов сотталды, оған 3 750 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

- Шымкентте қандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жүзеге асырылуда?

- Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт (ТБН) іске асырылады. Осындай жобалардың бірі - "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" төртінші блогы (ТБН №4). Агенттік уәкілетті орган ретінде №4 ТБН бойынша әзірлеуді, енгізуді үйлестіруді, әдіснамалық қолдауды және орындалу мониторингін қамтамасыз етеді. ТБН шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен өз бетінше тазарту жөніндегі жұмыс үйлестіріледі.

Сондай-ақ агенттіктің бастамасымен Adal kómek жобасы іске асырылуда, оның мақсаты - халыққа заңгерлік көмек көрсету және оның өзекті проблемалық мәселелерін шешу. Әр бейсенбіде мемлекеттік органдардың басшылары "Антикор орталығына" азаматтарды қабылдау және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Тақырып пен спикер көрсетілген кездесу анонстары әр дүйсенбіде БАҚ-та және Департаменттің ресми сайтында орналастырылады.

16 қыркүйекте Қазақстанның барлық ірі қалаларында, соның ішінде Шымкентте "Халық заңгері"жалпыреспубликалық акциясы өтті.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартуды қалыптастыру және Мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыру үшін біздің департамент пен қала әкімдігі "Шымкент - адалдық алаңы"жобасын жүзеге асырды. Сондай - ақ, білім беру саласында - "Адал ұрпак", "Саналы ұрпак", жолдар – "Сапалы жол", кәсіпкерлік - "бизнес пен инвесторларды қорғау" жобалары іске асырылды.

ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

 

Түркістан облысының полицейлері нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді.

Түркістан қаласында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өткізді. Оған ҚР Ішкі істер министрлігінен басшылар, республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мамандары мен жастар қатысты.

Аталған іс-шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік грантының "Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу" жобасын іске асыру бойынша ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - жастар арасында нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуы мен қолданылуының алдын алу. Жобаны іске асыру 2022 жылғы сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Түркістан облыстарында басталды.

Тренингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов, Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері, "Серғали-Түркістан" аймақтық-қоғамдық бірлестігі, ҚР ДСМ психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы "ШЖҚ РМК," денсаулық сақтау ұйымдарын біріктіретін өңірлік профилактикалық бағдарламаларды іске асыру "CADCA" жобасына қатысушы өкілдер болды. Оған қоса мемлекеттік басқару, үкіметтік емес сектор, жұртшылық және Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері ат салысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: "Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Соңғы үш жылда айналымнан алынатын "синтетика" көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болуда. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі. Осы аса қауіпті дерттің ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс" - деп атап өткен болатын.

Осының аясында тренингке қатысушылар алдында сөз сөйлеген полиция полковнигі Б.Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізіп жатқан шараларға тоқталып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ есірткі құралдарын, оның ішінде "синтетикалық есірткіні" қолданудың жастарға зиянды әсерінің маңыздылығын атап өтті. Жиынға қатысушы жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған қызметті үйлестіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Мамандар жастардың санасында денсаулық – адам үшін маңызды құндылық деген түсінікті нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

МАҚТААРАЛ: ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙ‌ДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Аудандық полиция қызметкерлері және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, бірлесе отырып, аудан көлемінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-анасыз түнгі уақытта халық көп шоғырланған жерлерде жүрулеріне тыи‌ым салу, жастар арасында қолай‌сыз жағдаийлардың алдын алу мақсатында "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" түнгі рей‌ді жүргізілді.

 -Жұмыс барысында кәмелет жасына толмағандарға 22:00-ден кеи‌ін заңды өкілсіз жүрмеу керек екендігі түсіндірілді.  Түнделетіп көше кезіп жүр­гендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ата-анасы ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмай, сенімхат арқылы үлкендерге тапсырып кетуі керек. Сенімхаты жоқ туысқандар бала үшін жауап беруге дәр­менсіз.

— Балаға ең алдымен өзінің отбасы тәрбие береді. Егер отбасында баланың рухани дамуына, жетілуіне көңіл бөлінбесе, онда ол бала ертең бас ауруымызға айналуы мүмкін. Дұрыс тәрбие көрмеген ұл-қыз тек ата-анасының ғана емес, бүкіл қоғамның, елдің, тіпті адамзаттың ең үлкен проблемасына айналуы әбден ықтимал. Ата-аналардың білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы да аса маңызды. Кешегі ата-бабамыз бұзақы жастарды көргенде, ең алдымен «Бұл баланың ата-анасы қайда, неге баласына дұрыс қарамайды?» деп, себебін әке-шешеден іздейтін. Осыған көп көңіл бөлуіміз керек.Елімізде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауының белең алуы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиі айтылып жүр. Жасөспірімдердің бір-біріне қару кезеп, арты өліммен аяқталған оқиғаларды да естіп, біліп жүрміз. Бұған кім кінәлі? Балалардың қылмыс жасауына не себеп?

Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы  қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып  жатады. Сондай-ақ түрлі компьютерлік ойындар да балалардың психологиясына кері әсер етеді.  Яғни тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді. Бұған кейбір ата-ана мән бермейді. Сондықтан бала тәрбиесі — бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік.

Айта кетейік, «Түнгі уақыттағы балалар» жедел профилактикалық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстан Республи­касының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толма­ған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды.Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

МАҚТААРАЛ: БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Мақтаарал ауданы бойынша білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында, Құқық қорғау органдарының өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар комитетінің төрағалары, әкелер кеңесі өкілдерінің қатысуымен түсіндірмелік топ құрылды.  -Атакент кентіне қарасты білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. -Кездесу барысында түсіндірмелік топ, оқушылардың беймезгіл көшеде жүрмеулері, автокөліктер жүргізбеулеріне, сабақта ұялы телефон пайдаланбауына, сабақтан себепсіз қалуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  «Түнгі сағат оннан кейін жасы кәмелетке толмаған бала көшеде жүрмеуі тиіс. Олардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жыл бойына жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түрлі шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Дегенмен түнгі уақытта көше кезгендер саны азаяр емес»,- деген мамандар статистикаға да тоқталды. 

– Кәмелет жасына толмаған оқушылардың тәрбие жұмысын жақсартуда мектеп басшысымен бірлесіп, тоқсандық іс-шара жоспары түзіледі. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда күн сайын рейд ұйымдастырылып, 8-11 сынып оқушылары арасында құқықтық дәрістер және жаман әдеттерден сақтандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, сұхбаттарды жиі өткіземіз. Соның ішінде оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін егжей-тегжей түсіндіреміз,-дейді инспекторлар.

 Дей тұрғанмен, ата-аналардың өз ұл-қызының қауіпсіздігіне бей-жай қарап, алаңдаушылық танытпайтынын жеткізді.

– Баланың түнгі 23:00-ден кейін үй-жайдан тыс шығуы заңмен шектелгенін білсе де ата-анасы дүкенге жіберетін жағдайлар кездеседі. Не болмаса көшеде жалғыз жүреді, көпқабатты тұрғы үй ауласында отырады. Құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиғалардың дені түнгі уақытта орын алатынын ескерсек, өрімдей жас балалардың түнделетіп жүруі кейде қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан, бала өмірі үшін сақтық шарасын ең алдымен ата-аналар ұстанса, – дейді полиция инспекторы.

Тәртіп сақшысының айтуынша, кәмелет жасына толмағандарға көшеде тек ата-анасымен бірге жүруге ғана рұқсат берілген. Тіпті, бауыры не туысының өзіне (арнайы рұқсаты болмайынша) оларды ертіп жүруіне құқы жоқ. Маман түнгі «серуенге» жол бергендердің ата-анасы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылатынын атап өтті. Бұдан бөлек жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынады.

Жоғары сынып оқушылары арасында Құқық пен жауапкершілік сұхбаты ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, сұрақ-жауап алмасты.  Мұндай кездесу жиындар алдағы уақытта жалғасын табады.

МАҚТААРАЛ: Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана

Ал жастар болса қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады.

-Дінге деген көзқарас әр кезеңде әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша қалыптасады.

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Осы орайда аудандағы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім ошақтарында ағымдағы жылдың қыркүйектің 14 күні Еңбекші ауылдық округінде орналасқан мектептердегі 9-10-11 сынып оқушыларына діни зайырлылық тұрғыдан түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Өз өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығудың жолы емес

Соңғы кездері өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі естіледі. Бұл дерттің қаншалықты ұлғайғанын көрсететін деректер жетіп жатыр. Статистика бойынша әлемде әрбір қырық секунд сайын бір адам өз еркімен өз өмірін қияды, яғни одан бас тартады. Жыл сайын әлемде осындай миллионға жуық суицид оқиғасы орын алады.

Әдетте, жануарларға не істеу керегін инстинкт білдіреді. Адамда ондай сезім жоқ. Бұрын адамға не істеп, не қою керегін киелі салттар мен мағыналы дәстүрлер нұсқайтын. Қазір оларда жоғалуда. Дәстүрдің орнын нигилизм басты. Адам өзіне не керегін таппай рухани күйреп, ақыры тұйыққа тіреледі. Жұрт не істесе, соны ойланбай жасайтын қуыршаққа айналғандай. Адамның жанжүйкесі тіршіліктен мағына таппай тыпырлайды. Өмірде жетістікке жетсе де, жан дүниесіндегі үңірейген вакумды толтыра алмай қиналады. Адамның бүкіл қайғысы мен қасіреті осы вакумнан басталады. Вакум пайда болғанда, адамның жүйкесі жұқарады.

Қазір кеңшілік заманда өмір сүреміз. Өз-өзіне қол жұмсау туралы газеттердегі, теледидардағы және интернеттегі әртүрлі жарияланымдар, әсіресе сезімтал жасөспірімдер арасында суицид әрекеттерін итермелеуі мүмкін. Мысалы, суицид жасаудың әртүрлі әдістерінің сипаттамасы интернеттен алуға болады, бұл да еліктеу қаупін арттыруы мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірім қиын жағдайда қалған басқа адамдарды да соған «шабыттандырады» деген пікір бар. Әсіресе, еліктегіш жасөспірімдер суицид оқиғаларын көрсететін ақпараттық бағдарламалардың, деректі фильмдердің немесе көркем фильмдердің және баспасөз басылымдарының жиі құрбандары болып табылады. Суицидологияда бұл құбылыс «Вертер синдромы» деген атпен белгілі. Ол «әдемі өлуге» қалай болатынын егжей-тегжейлі сипаттайды. Мұндай ақпараттар проблемаларды шешу әдісі ретінде суицидтік мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Мысалы Қазақстанда 2017 жылы әлеуметтік желіде шыққан «Синий кит», «Тихий дом» топтары суицидті насихаттайтын. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының шабуылынан қорғану үшін олар таратқан ақпаратты әрдайым сүзгіден өткізуге мәжбүрміз. Олардан осылай ғана қорғана аламыз.

Айдахо штатының бір университетінде суицидтен тірі қалған 60 студентпен диалог жүргізген. «Не үшін суицид жасадың?»  деген сұраққа 85 пайызы «Өмірден мән таппадым», – деп жауап берген. Таңғаларлығы: олардың 93 пайызының денсаулығы сап-сау, ақыл-есі бүтін. Материалдық жағдайы шешілген. Ата-анасымен, ағайын-туысымен қарым-қатынасы түзу. Осының өзі ойландырмай қоймайды, «жастар не үшін ерікті өлімге барады?» – деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.

Адамның көп нәрсеге тәуелді екені рас. Өскен ортасына, мемлекет заңына, денсаулығына, білім деңгейіне, ас-ауқатының сапасына тағы басқа түрлі әлеуметтік шарттарға маталып тұрады. Оның тәуелді алаңын «тағдыр» деп атаймыз. Яғни адамның ықпалы жүрмейтін аймағы. Оған еріксіз туу мен еріксіз өлуді жатқызады. Бірақ адам тағдыр тақтасының ішінде позиция таңдауға ерікті. Сырттан қысым көрген күннің өзінде ішкі әлемінде белгілі бір тарапты жақтап не даттап тұруға ерікті. Өмірдегі сансыз сорап пен соқпақтын қайсысына түседі, оны өзі шешеді. Біреу үшін біреу шешім қабылдамайды. Тұлға еркіндік нығметін қолданумен адамдық борышын өтейді.

Сонымен қатар мына бір мысалды келтірсек. Беркли университетінің ғылыми қызметкері Диана Янг ашқан жаңалық. «Мән таппай өмірден жалығу шкаласы алдыңғы буынмен салыстырғанда жастар арасында тым жоғары. Оның түпкі себебі киелі салт-дәстүрден бас тартқан деп түсіндіремін. Кейінгі буын салт пен дәстүрдің киесін тәрк ететін нигилизмге ұрынады. Оның соңы тіршіліктен жалығу фазасына ұласқан» – деген пікірде.

Көкірегіне құндылық жиған адам Мән іздеуде қиналмайды. Құндылық пен Мәнді көкірекке құйғанда адам тұлғаға айналады. Парасатты қасиеттері шыңдала түседі. Адам Мәңді өмір бақи іздеумен, игерумен болады. Соған сәйкес адамшылығы да шыңдалады. Бұл түста Абай Құнанбаев: Адам өмірінің Мәні – адамдықты сақтау, адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын  үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш-ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.      

 

А.Сейдуәлі

Түркістан облысы діні істері басқармасының 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог маманы