Шардара: Қазақстан азаматтығын алып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті анықталды

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстанға көшіп келген. Осы кезде оған белгісіз біреу Қазақстан азаматтығын алып беретінін айтып, қызметі үшін 125 мың теңге алған.

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Шардара АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті шет елден енді қоныс аударған азаматтың төлқұжатының жоқтығын біліп, өз арам ойын жүзеге асырған. Ал ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Белгісіз азаматтарға ақша аудармауды және бермеуді, сенбеуді қатаң ескертеді.

МАҚТААРАЛ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ «ЖАТ ҚЫЛЫҚТАР» ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қыздар арасында ерте жүктілікті алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданындағы мектептерде түсіндіру шаралары өтуде.  Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, қыздар арасындағы жат қылықтар, тәрбие, ертежүктілік , зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан шараны "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастыруда. Сондай шараның бірі -  Жамбыл а/о,Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына өтілді.Мақсаты: Жастар ресурстық орталығының мақсат-міндеттері,бағыт-бағдарын түсіндіру.Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық, әлімжеттіктің алдын алу. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.Ерте жүкті болудың зияны? Қыз балалардың дене мүшелері 18жасқа дейін қалыптасып өседі.Ағза толық жетілмеген кезде жыныстық қатынасқа түсу де,жүкті болып қалып, босануы да өте ауыр болады,денсаулығына зиян келтіреді. Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар:аяқтың күп болып ісуі, қан қысымының көтерілуі,ашуланғыштық, жүйке күйзелісі, ұйқысыздық. Осындай жағдайда операция (ота)жасатып,баласын алдырып тастайтын болса, денсаулығы күрт нашарлайды, енді қайтып бала көтере алмай,бедеу болып қалуы әбден мүмкін. Кез-келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен, психологиялық дағдарысқа ұшырайды.Жасөспірім қыз күнәсіне қысылып,әке-шешесінің,туған-туыстарының қас-қабағына қарап,жабырқап жасиды,қайғыға батады,қорланып қысылады.Елдің көзіне түсуден қашады,тасада тығылып өмір сүреді.Жүктілігі енді біліне бастағанда оны жасыру үшін белдік,орамал,белбеумен  қатты тартып тастайды да,іштегі баланың толық жетіліп,дамуына зиян тигізеді. Оған қоса қоршаған орта, телефон,компютор, тамақтануымыз, қозғалысымыз т.б әсері.Содан туған бала әлжуас, қан аз, түрлі кемістіктермен туылуы  болуы мүмкін. Ерте жүктілік немен қауіпті?Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.Балаларымызға ұл мен қыз баланың жыныс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық фукциясының ерекшеліктерін ерте жастан түсіндіре беру қажет. Отбасында әкесі ұлына,шешесі қызына жыныстық қатынасты ерте бастаудың неге әкелетінін түсіндіру,сонымен қатар үлкендер жыныстық қатынасқа түсуін жасөспірімдерге көрсетпеуі қажет(бұл жыныстық қатынасқа ерте түсуіне себепші болады).  Контрацепция мәселесіне келетін болсақ,онда жасөспірім қыздарға жүктіліктен және жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтану әдістерін мұқият түсіндірген жөн.   Жасөспірім қыздар алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі,оған не себеп болады-деген сауалға дәрігерлер мен психологтар,құқық қорғаушылар мынандай жауаптар қайтарады.Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері де,отбасындағы,мектептегі тәрбиесінің нашарлығы да,өмір сүретін өңірі,ортасындағы жағдайы,өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі,теледидар,ғаламторларды жиі көруі де себеп болады.      Нақты дерктер бойынша,Ресейде жасөспірім қыздар бірінші рет жыныстық қатынасқа  орташа алғанда 16 жаста түссе,Америкада және Еуропада жасөспірім қыздардың жыныстық қатынасы 12-13 жастан бастайтыны анықталып отыр.Ең өкініштісі,қай елде де жасөспірім қыздардың алғашқы жыныстық қатынасқа түсуі жүктіліктен сақтанусыз өтеді екен. Сол себепті жүктілік жасөспірім қыздар арасында жүкті әйелдердің жалпы санының1,5 пайызын құрайтын болып шықты. Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да,салдары да көп.Ойда жоқта жүкті болып қалу жас қыздардың денсаулықтарын құртады.Көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді.Қазір бедеуліктің 16 пайызы,тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер.Осы жөнінде  мектептерде 15-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында жүктіліктен сақтану,ерте жыныстық қатынасқа түсудің зардаптары жөнінде денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері баяндама,дәріс сабақтар оқып тұрады.Санитарлық-ағарту жұмыстары да жүргізіледі.  Отбасындағы жасөспірімдер арасындағы психологиялық-эмоциялық атмосфера және отбасылық  мәселелерді бірігіп шешу маңызды.

Отырар: мерзімді әскерге шақыру жұмысы пысықталды

Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында жиын өтіп, азаматтарды мерзімді әскерге шақыру бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды. Жиынға аудандық мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары С.Бекмұратов, ауылдық округтер әкімдіктерінде әскери есеппен айналысатын мамандар қатысты.

Отырар: көлік иелеріне ескерту жасалды

Құқық қорғау саласының мамандары жол-көлік оқиғасына байланысты түйткілді мәселелерді назарға алып келеді.Кейінгі жылдары жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өміріне қауіп күшейе түскен. Темір тұлпарды тізгіндеген азаматтардың бейберекет әрекетінен қайғылы жағдайлар жиірек орын алуда. Әрине, бұл өкінішті жағдай.

Түркістан облысының полицейлері ағаштарды күтіп-ұстау қағидаларын бұзу және заңсыз кесудің 60 жайтын анықтады

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау тобының полицейлерімен ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, оның ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуді анықтау және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесудің 3 жайтын тіркеді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жиналған материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері заңсыз кесілген 6 текше метрден астам ағашты тәркіледі.

Бұдан басқа, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзудың 57 құқық бұзушылығы анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 6 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, қалғандарына ескерту жасалды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері күз мезгілінде сексеуіл және басқа да ағаштарды отынға заңсыз кесудің алдын алу мақсатында, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және табиғатты қорғау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Полицейлер алаяқтыққа қатысы бар Сайрам ауданының тұрғынын анықтады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу ватсап желісі арқылы тұрмысқа қажетті тауарларды арзан бағада, яғни 20 дана кілем мен 2 дана кір жуғыш машинасын әкеліп беремін деп ақша алған.

Алайда ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті.

Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жұмыссыз, Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды интернет арқылы алдап, алған ақшаны бас пайдасына жаратқан. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында, полицияның көмегіне жүгінді.

Бүгінде анықталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да жайтқа қатысы бар жоғы анықталуда.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!

Түркістан облысының тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында акция өткізілуде.

Осы ретте Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі полицейлері ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған құжатсыз азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде төлебилік полицейлер отбасылық жағдайына немесе басқа да себептерге байланысты жеке басын анықтайтын төлқұжатын ала алмай жүрген тұрғынды анықтап, оған заңға сәйкес қызмет көрсетті. Яғни 1965 жылы туылған Фазлиддин Таштемиров есімді азамат осы уақытқа дейін отбасындағы кейбір себептерге байланысты төлқұжатсыз жүрген.

Бұл бойынша тәртіп сақшылары Фазлиддиннің мұрағаттағы іс құжаттарын толықтай жинады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға ҚР-ның азаматы екенін анықтайтын төлқұжатын табыстады. Көші-қон қызметкерлерінің жеделділігіне риза болған азамат өз алғысын айтты: «Мен Фазлиддин, Төлеби ауданының тұрғынымын. ҚР-ның азаматы екенімді анықтайтын төлқұжатты белгілі бір себептермен ала алмаған едім. Алайда көші-қон полицейлері менің алғашқы төлқұжатымды жасап берді. Көші қон полицейлеріне алғысымды айтамын. Үлкен рақмет!»

Полицейлер қолма-қол несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ әйелді анықтады

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғынның арызы келіп түскен. Онда жәбірленуші ер адам, танысының қолма-қол несие шығарып беремін деген сөзіне сеніп, соңында алданып қалғанын жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдіктіні анықтау мақсатында, созақтық қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, әрекетке көшті. Нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз әйел, жергілікі тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті әйел жәбірленушінің атынан қолма-қол несие шығарып, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деген жалған ақпарат берген. Содан арадан 1 ай уақыт өткенде жәбірленушіге банк тарапынан несиеңізді төлеңіз деген хабарлама келеді. Ал күдікті әйел алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойындарға жұмсап жіберген.

Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа тағы бір тұрғынның атынан несие шығарғаны анықталды. Жәбірленушілерге келген шығын 500 мың теңге. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.