Аудандық полиция қызметкерлері және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, бірлесе отырып, аудан көлемінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-анасыз түнгі уақытта халық көп шоғырланған жерлерде жүрулеріне тыиым салу, жастар арасында қолайсыз жағдаийлардың алдын алу мақсатында "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" түнгі рейді жүргізілді.
-Жұмыс барысында кәмелет жасына толмағандарға 22:00-ден кеиін заңды өкілсіз жүрмеу керек екендігі түсіндірілді. Түнделетіп көше кезіп жүргендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ата-анасы ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмай, сенімхат арқылы үлкендерге тапсырып кетуі керек. Сенімхаты жоқ туысқандар бала үшін жауап беруге дәрменсіз.
— Балаға ең алдымен өзінің отбасы тәрбие береді. Егер отбасында баланың рухани дамуына, жетілуіне көңіл бөлінбесе, онда ол бала ертең бас ауруымызға айналуы мүмкін. Дұрыс тәрбие көрмеген ұл-қыз тек ата-анасының ғана емес, бүкіл қоғамның, елдің, тіпті адамзаттың ең үлкен проблемасына айналуы әбден ықтимал. Ата-аналардың білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы да аса маңызды. Кешегі ата-бабамыз бұзақы жастарды көргенде, ең алдымен «Бұл баланың ата-анасы қайда, неге баласына дұрыс қарамайды?» деп, себебін әке-шешеден іздейтін. Осыған көп көңіл бөлуіміз керек.Елімізде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауының белең алуы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиі айтылып жүр. Жасөспірімдердің бір-біріне қару кезеп, арты өліммен аяқталған оқиғаларды да естіп, біліп жүрміз. Бұған кім кінәлі? Балалардың қылмыс жасауына не себеп?
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Сондай-ақ түрлі компьютерлік ойындар да балалардың психологиясына кері әсер етеді. Яғни тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді. Бұған кейбір ата-ана мән бермейді. Сондықтан бала тәрбиесі — бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік.
Айта кетейік, «Түнгі уақыттағы балалар» жедел профилактикалық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды.Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.