Сәрсенбі, 22 Сәуір 2026 12:27

Түркістандағы үйлер мен кәсіпкерлік нысандарға заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылып жатыр

Түркістан қаласында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту және түнгі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи жарықтандыру жүйелері кезең-кезеңімен іске қосылуда.

Жалпы 107 көпқабатты тұрғын үйдің сыртын жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 30-дан астам үйде жарықтандыру қосылған. Жарықтандыру жұмыстары қала инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталып, көшелер мен ғимараттардың сәулеттік бейнесін айқындап, түнгі уақытта қаланың көркін ерекше аша түспек.

Жаңа LED шамдар мен энергия үнемдейтін жарық көздерімен тұрғын үйлердің аулалары, көпқабатты тұрғын үйлердің маңы және кәсіпкерлік нысандардың аумақтары қамтылуда. Нәтижесінде, қалада қауіпсіз қозғалыс жағдайы күшейіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне және бизнестің тартымдылығына қолайлы орта қалыптасуда.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 13 рет