Сәрсенбі, 22 Сәуір 2026 12:56

Түркістан: дәрігерлер күрделі онкооперацияны сәтті жүргізді

Түркістан облысында облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері онкологиялық дерттің IV сатысындағы науқасқа жоғары технологиялық күрделі операцияны сәтті жасады. 43 жастағы науқасқа «тік ішектің аденокарциномасы, бауырға метастаздар» диагнозы қойылып, бұған дейін ҚазНИИОиР базасында 6 курс химиотерапия алған.

Дәрігерлер кешенді тексеруден кейін тік ішек пен бауырға бір мезгілде симультанды ота жасауға шешім қабылдады. Операция барысында тік ішекке резекция жасалып, колостома қалыптастырылды. Сонымен қатар бауырдың бірнеше сегментіне резекция жүргізіліп, метастаздар толық алынды. Ісік бауырдың шамамен 70%-ын қамтыған.Мұндай күрделі оталар сирек жасалады. Соған қарамастан, дәрігерлер ісікті толық алып тастауға қол жеткізді. Отадан кейін науқастың жағдайы тұрақтанып, қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылды. Жоғары технологиялық емдеу әдістерінің өңірде қолжетімді болуы – тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік әрі денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістік.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 12 рет