Сәрсенбі, 22 Сәуір 2026 14:20

Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Мәжіліс барысында аудан аумағындағы өндірістік парктің жол картасының орындалуы және инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарының барысы талқыланды.

Жауапты бөлім тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге жоспарлар ұсынылды. Инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы шаралар ерекше назарға алынды. Келесі мәселе ретінде ауылдық округтердегі 2025–2026 жылдарға арналған көктемгі ағаш егу жұмыстарының барысы қаралды. Экологиялық жағдайды жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан және нысаналы мақсатына сай игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі көтерілді. Жер қатынастары саласындағы заң талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды. Жиын соңында орындаушылық тәртіп және елді мекендердегі кемшіліктер бойынша талдау жасалып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жиын барысында әрбір мәселенің маңыздылығына тоқталып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Әкім өңірдің тұрақты дамуы үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалардың сапалы орындалуы басты назарда болатынын жеткізді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 14 рет