Ағымдағы жылы Түркістан-Шәуілдір бағытындағы автожол салу жұмыстары басталған болатын. Аталған жол бойында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ірі жүк көліктері жол ережесін бұзып, жол бойында жылдамдық асыру себептеріне байланысты аудан халқы тарапынан көптеп арыз-шағымдар түсуде. Осыған байланысты Отырар аудандық полиция бөлімінің жол патрульдік полициясының қызметкерлері туындаған арыз-шағымдарды ескеріп жол құрылыс нысанының басына барып, ірі жүк көліктері жүргізушілерімен кездесті.
Кездесу барысында, жүк көлік иелеріне жол ережесін түсіндіріп, талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша тиісті шаралар қолданылатындығын ескертті.
Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімінің мамандары бірнеше бағыттағы іс-шаралар негізінде заң бұзушылықтар анықтаған. Алдағы уақытта жол қозғалысын реттеу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылмақ.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»