Күзгі әскерге шақыру қазан айының 1-нен басталады. Қазір барлық жерде осы күзгі әскерге шақырылатын азаматтарды жинап, денсаулық жағдайын тексеріп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жиында комиссия төрағасы А.Құлмаханов сала мамандарына азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанында жүргізілетін жұмыстарға бағыт-бағдар беріп, кұзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647-бабында шақырылушының шақыру бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделгендігін атап өтті. Өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап белсенділік танытуға шақырамыз. Отанды қорғау әрбір азаматтың асыл парызы екенін естен шығармайық.
Өз кезегінде, Қазақстан Қарулы күштерінің тарихына аз-кем тоқталып өтсек. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері еліміздің тәуелсіздік алуына және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуына байланысты құрылды.
Бүгінде Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы орайда бұл жылдарды ұлттық Қарулы күштерді құру, жарақтандыру мен жабдықтау, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу, әскери тәртіпті нығайту жылдары десек те артық болмас. Бұл әлемде жауынгерлік қабілетті армия құрудың тиімді шешімдерін іздеу, өзгерту және қалыптасу жылдары болатын. Қазақстан әскері 30 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. Осы уақыт аралығында біраз жұмыс істелді, әлі де атқарылатын іс көп. Ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін төл Қарулы күштерімізді құру қажеттілігі туралы мәселе туындады. Шекаралас аймақтарда сол кезде күрделі геосаяси процестер жүріп жатты. Бұл Ауғанстандағы соғыстан кейінгі дағдарыс, көршілес Орта Азия мемлекеттеріндегі, соның ішінде тәжік-ауған шекарасындағы ұлтаралық қақтығыстардан көрінді, басқа аймақтардағы ахуал да тұрақсыз болды.
Алғашқы қадам 1991 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлықты шығару болды.Осы тарихи сәтте Қауіпсіздік кеңесі жағдайды жан-жақты және терең зерделеп, республика аумағында орналасқан КСРО Қарулы күштерінің барлық бөлімдері мен құрамаларының Қазақстан Президентіне бақылауында болуын белгілеу керек деген бір қорытындыға келді. Қазақстан өзінің жеке армиясын заңды түрде құру құқығын 1992 жылдың 7 мамырында іске асырды. Осылайша Президенттің Жарлығымен Қарулы күштер құрылды. 1993 жылдың ақпанында еліміздің алғашқы Әскери доктринасы қабылданды. Осы құжаттынң негізінде барлық нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу басталды. Сонымен қатар, ұлттық армияның, басқару органдарының келбеті мен құрылымын қалыптастыру бойынша қажырлы еңбекті талап ететін жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әскердің даму көкжиегін, еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін атап өтті. Мемлекет басшысы ведомстволар басшыларының алдына мемлекеттің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған іс-қимылдардың сапасын ұдайы арттыруды талап ете отырып, міндеттер жүктеді. «Жаңа Қазақстанның» құруға қатысты барлық реформалар мен өзгерістерді бағынысты әскери бөлімдер мен бөлімшелерде енгізудеміз. Бұл Қарулы күштеріміздің – еліміздің әскери қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатын жаңа армиямыздың қарышты дамуын қамтамасыз етеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»