МАҚТААРАЛ: "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларына жиналыс өтті

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты " Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 22 қыркүйек күні "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жоспардан тыс 9-10-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.

Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық.

Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады.

Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда.
Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.
Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек.

Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдемін. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын.

Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу мақса­тын­да мектеп инспекторы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан: Бюджеттен қыруар қаражат бөлінетін ыстық тамақтың сапасына сын айтылды

1424 Сall-орталығына Түркістан қаласында орналасқан білім беру ұйымындағы балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына қатысты хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама негізінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аға офицері Г.Кансеитова, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік - психология» кафедрасы Әлеуметтік сала әдіскері А.Уразымбетова, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова және қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан шұғыл жиналыс өтті.

Жиын барысында сөз алған Гүлжамал Әбдуәліқызы білім саласындағы маңызды мәселе - оқушыларды сапалы тамақтандыру. Бұл мақсаттарға бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Қанша қаржы бөлініп жатса да, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етудің сапасы нашар екеніне шағым келтіруші ата-аналардың саны күн санап артып келеді, балаларға берілетін тамақтан ақша жасап қалғысы келетін жағдай әрине бұл, өте өкінішті.

Бұл мәселеге барлық білім бөлімі басшылығының назар аударуын қажет етеді, тиісті кешенді шаралар қабылдаңыздар, -  деп атап өтті.

Келесі кезекті сөз алған Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова білім беру ұйымдарында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оқушыларды сапалы ыстық тамақпен қамту білім бөлімінің назарында екенін, жиналыста айтылған мән-жайлар басты назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болып жатсаңыздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 1424 Call-орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.

Түркістан өңірінде «Адал көмек» жобасы аясында халыққа құқықтық көмек көрсету жалғасуда

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.

Келелі жобаның негізгі мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.

Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін Халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.

Олардың қатарында, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы,  Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының өкілдері бар.

Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді.

Айта кетейік, "Адал көмек" жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.

Мақтаарал: Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жас жігіт анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, тұрғын үйінің алдында тұрған «Ауди-100» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары, небары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен және күдіктінің жеке-басын анықтады.

Яғни жүйелі жүргізілген жұмыс нәтижесінде ұрланған көлік егістік алқаптан табылды. Қазіргі таңда күдікті деп танылған жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықталғандай күдікті түнгі уақытта көшеде, кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Біраз уақыт өткенде автокөліктен кінәрат шығып, егістік алқапта қалдырып кеткені белгілі болды. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Түркістан: Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестен бөлек, қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Алайда тұрғындар тарапынан өзінің тұрғылықты мекенжайының тазалығына немқұрайды қарайтын, қандай да бір қоқыс, қалдығын кез келген жерге тастап ластайтындар табылып жатады. Мәселен облыс полицейлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 баптың 1,2-бөлігімен «Ортақ пайдалану орындарды ластау» бойынша 13213 құқық бұзушыға хаттама толтырылды.

Ал тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтағаны: қоғамдық орында коммуналдық қалдықтарды тастау -609, темекі тұқылын тастау -26, қоғамдық орында мас халде жүру -249, қайыршылық -131, белгіленбеген орында сауда жасау -105, қала инфроқұрылым қағидасын бұзу бойынша -109 жайт анықтаған.

Жалпы жұртшылықтың пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығарудың соңы айыппұл арқалауға әкеп соғады. Ал егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Осы орайда түркістандық полицейлер облыс аумағында тазалықты сақтауға шақырады.

Отырар: «жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Отырар ауданы аумағында «Жолда қабылдау» атты республикалық акциясы бастау алды. Аталған акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру.Сонымен қатар, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарда болып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру мәселелері де акцияның мақсаты болып табылады.

Түркістан: Арақ та жоқ, ажырасатындар да жоқ!

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар.Түркістан облысында жыл басынан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем орын алмаған ауыл бар.

Бұл Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан – Алмалы ауылы.Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бір де бір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни ұрлық жайттары орын алмаған.

Ең бастысы мыңнан астам шаңырақтың тұрғындары тыныш ұйықтауда.Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

Түркістан: Полицейлер бейнекамералар арқылы қарсы қозғалыс жолағына шыққан 6 көлікті анықтады

 

Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, адамдар көп жиналатын жерлерде, көшелерде орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталуын және қылмыстың жолын кесуді қадағалайды.

Мәселен жедел басқару орталығының операторлары бейнебақылау камералары арқылы соңғы 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: 391-і қауіпсіздік белдігін тақпау, 39-ы көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, 40 дерек дұрыс емес жерде тоқтау, 15-і күңгірттеу және 6 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады.

Мысалы Түркістан қаласы Нышанов көшесінде кезекші полицейлер камералардың көмегімен тұтас жолақ пен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 6 фактісін тіркеді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары аталған құқық бұзушылықтар туралы жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады. Ескерте кетсек, Заңға сәйкес қос тұтас сызықты кесіп қарама-қарсы бағытта жүретін жолдың жүріс бөлігіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған бұл жүргізушілер 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, жылдамдықты асырмауға және мас халде көлік жүргізбеуге шақырады. Есіңізде болсын: жол ережесін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.