Шымкент: Қараша айында бірқатар мәдени шаралар өтеді

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек қалада атқарылып жатқан жүмыстарға тоқталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда және өңірлерде қараша айында  бірқатар айтулы мәдени іс-шаралар өтеді. 

Атап айтар болсақ, 21-22 қараша күндері мегаполисте «Miras» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлері форумы ұйымдастырылады. Форум аясында түркі халықтарының киім мәдениеті мен ұлттық өрнектер семиотикасына арналған ғылыми конференция, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ, отандық және шетелдік этнодизайнерлердің сән дефилесі мен «TURAN» ансамблінің концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылады. Іс-шаралар «Қызғалдақ» сарайы мен Көрме орталығында өтеді.

27-30 қараша күндері Абай облысында Шымкент қаласының мәдениет күндері өткізіледі. Шымкенттен барған шығармашылық делегация құрамында зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар бар. Бағдарлама аясында жазушы Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабекпен кездесулер, «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы, «Көне қала – Шымкент» көрмесінің ашылуы және әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.

Бұл шаралар – Шымкент мәдениетінің бай мұрасын дәріптеп, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздейді.

Бұдан бөлек ресми өкіл, қаланы жылумен қамту, көгалдандыру, газдандыру, әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Мәселен, қала әкімінің орынбасары бүкіл әлеуметтік нысандарға толықтай жылу берілгенін атап өтті. Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүзеге асып жатқанын да баяндады. Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатқанын да атап айтты. 

Ордабасы ауданының әкімі техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекеніндегі «Темірлан Абаттандыру» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің техникалық базасына барып, қысқы маусымға дайындық барысын тексерді.

Ордабасы ауданы: аппарат мәжілісінің күн тәртбінде маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды

Ордабасыауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен қызметкерлері, бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері және жауапты сала жетекшілері қатысты.

Спорт – тек дене шынықтыру емес, ол – ерік-жігер мен мінездің мектебі

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Спорт арқылы бала тәрбиесі: тәртіп, жігер, құрмет» және «Бала гигиенасы – денсаулық кепілі» тақырыптарында тағылымды кездесу өтті.

Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық орталық аурухананың басшысы Райымбек Тасырбаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева өз салаларында атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы шаралар туралы баяндады.

Мәдениет - ұлттық сана мен руханияттың тірегі

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылауға арналған мәдениет саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. Кездесуге мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Рысбаева қатысты.

Созақ ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Созақ ауданында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шараны аудан прокуратурасы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі сапалы кеңес беру және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту.