Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокуроры Ғалымжан Қалапбайұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов арнайы қатысты. Акция жұмысының барысын бақылап, тұрғындармен еркін пікір алмасты. Шара барысында заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе жер қатынастары, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, кәсіпкерлік, еңбек және отбасы құқығы салаларындағы сұрақтар жиі қойылды.
Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер беріліп, өтініштерін тиісті органдарға жолдау бойынша нақты бағыт-бағдар көрсетілді. Келушілер бұл бастаманың өзекті екенін айтып, алғыстарын білдірді. «Халық заңгері» акциясы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйі мен аудандық орталық ауруханада, Жартытөбе ауылдық округі әкімдігінде және Созақ ауылындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат