Сейсенбі, 21 Сәуір 2026 11:29

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың төрағалығымен өткен жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов баяндама жасап, мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаттарының маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы – халық сенімін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқын, іс-әрекетін, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынасын реттейтін моральдық-этикалық қағидаттар жиынтығы. Әдеп нормалары мемлекеттік қызметтің ашықтығын, әділдігін және халыққа бағдарланған сипатын қамтамасыз етуге бағытталған. Жиын барысында аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын әдеп талаптары түсіндіріліп, күнделікті қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары баяндалды. Сонымен қатар, қызметкерлердің мінез-құлқына және қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.

Аппарат басшылығы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыру, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату және қызметтік әдепті бұзуға жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді. Мемлекеттік қызметшілер үшін әдептілік ең алдымен адалдық, бейтараптық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным арқылы көрінеді. Қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланбау, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – кәсіби әдептің негізгі талаптары.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы, сабырлы және ашық болуы тиіс. Халықтың өтініштері мен шағымдарына немқұрайлы қарамай, оларды заң аясында уақтылы әрі сапалы қарау – мемлекеттік қызметтің басты міндеттерінің бірі. Бұл халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар беріліп, әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екені тағы бір мәрте ескертілді.

Әдептілік  –   мемлекеттік      қызметтің басты  ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі    өте маңызды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің  моральдық және  әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың  жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік  қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі қабылданғаны белгілі.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші  барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты, қарапайым болуы қажет, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс – әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті. Еліне қызмет етуші маман өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті, Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек. Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар,  сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады.  Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық  бет-бейнесі мен әдебіне  сырт келбеті де сай болуы қажет.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін  жағдайларға жол бермеуі тиіс. Ал бұл талаптардың сақталуын қарайтын институт –  Әдеп жөніндегі кеңес болып табылады. Кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет заңнамалары мен Әдеп кодексін сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын алу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 12 рет