Созақ ауданының әкімі ел чемпионатында топ жарған жас спортшы мен бакерін қабылдады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жеткен жерлесіміз Мақсұт Ахмет пен оның бапкері Бейсембаев Бақытжанды қабылдады.

Созақта «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы Қожабекова аудан аумағындағы өндіріс орындары өкілдерінің қатысуымен «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Лахор қаласының комиссарымен экономикалық және туристік салалардағы жобаларды талқылады

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Карачи және Исламабад қалаларында арнайы кездесулер мен келіссөздер жүргізді. Карачи қаласында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, Пәкістан Ислам Республикасының сауда министрі Джам Камал Хан және ҚР Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафиннің бірлескен төрағалығымен, 300-ден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті.

Созақ ауданы: Қызылкөл көлінің аумағында сенбілік жұмыстар ұйымдастырылды

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Нұралхан Көшеров созақтық тұрғындармен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері және жеке қабылдаулары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс әкімінің кезекті кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, өз кезегінде түйткілді мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

Созақ ауданына Департамент басшысы жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Созақ ауданында іссапарда болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы А. Наурызбаев ауданның мемлекеттік қызметшілеріне Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларға Түркістан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін таныстырды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытай Халық Республикасының «Silk Road Construction and Development Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында қалада іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты.

Созақ ауданы: Шу өзені суының көлемін арттыру мәселесі талқыланды

Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

Созақ ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі түсіндірілді

Созақ ауданында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және шағымдану тетіктері туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Созақ аудандық филиалында және «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Созақ аудандық мансап орталығында ұйымдастырылды.

Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.