Созақ ауданының орталығыныда салынып жатқан тұрғын үйлердегі пәтер саны 66-ға жетті
Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Жеткіншек мөлтек ауданында жеке инвесторлардың қолдауымен 2 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үйде 8 пәтерден, жалпы 24 пәтер қарастырылған. Сонымен қатар, екі пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы басталды.