Жексенбі, 18 Мамыр 2025 19:17

Созақ ауданына Департамент басшысы жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Созақ ауданында іссапарда болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы А. Наурызбаев ауданның мемлекеттік қызметшілеріне Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесуде Департамент басшысы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық. Осы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес, Агенттік мемлекеттік қызметке кіру және одан шығуды оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылдағанын айтты. Солардың бірі, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі «е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны, ондағы кандидаттарды іріктеу жүргізудің ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы. Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде жастарға берілген мүмкіндіктер, яғни, Президенттік жастар кадр резервінің жай-күйі мен кезекті іріктеудің жоспарлануы, өңірлік кадр резервшілерінің аудандық және облыстық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз орналасуы, ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру, және жоғарғы оқу орнын үздік бітірген түлектерді мемлекеттік қызметке кіруді оңтайландыру жайлы айтылды.Бұған қоса, ойын мекемелеріне барудан бас тартыну, құмар ойындарға, бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану атап өтілді.

Бұдан басқа, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, олардың мерзімінде оқытылуын қадағалау, меритократия, HR құралдары, ротация, келісімшарттық қызметші, «Бірыңғай кадр жүйесі» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік қызметшілерді ауысу тәртібімен тағайындау сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалардың нормаларына түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А. Қайратқызы Академияға 2025-2026 оқу жылы бойынша құжат қабылдау тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, қызмет алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою және азаматтарға оңтайлы, жедел әрі сапалы қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 22 рет