Сенбі, 17 Мамыр 2025 14:36

Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығында қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Болашақта Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады деп күтіліп отыр. Тарихы тереңде жатқан қалашық көпшілікке дәріптеліп, осында табылған ежелгі тұрақтар, жәдігерлер туристер назарына ұсынылады

Қазір ел аумағындағы туризм жайлы сөз қозғағанда бірден Түркістанның ойға оралатыны анық. Себеб, құрылғанына 7 жыл толған өңірде дәл осы саланы дамытуға айрықша басымдық берілген. Оның үстіне алдыңғы жылдың соңында тарихы тереңге бойлаған Түркістан шаһары «Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» атанған болатын. Бұл жаңа келбетке ие болған қалаға ғана емес, тарихи-мәдени мұраға бай, табиғаты тұмса тұтас өңірге де ерекше ықпал ететіні белгілі.

Ендігі жердеТүркістанда туризм саласы қалай өркендеп жатыр деген сауалға жауап іздеп көрсек. Осыдан жиырма бесжыл бұрын бір жарым мың жылдық мерейтойын атап өткен көне шаһар бұрыннан ілім-ғылымның, руханият пен мәдениеттің, сауда-саттық пен саяхатшылардың нағыз ордасы болған. Өңірдегі жүздеген тарихи мұраларды айтпаған күннің өзінде, Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі-ақ күллі адамзат үшін баға жетпес жәдігер болып саналады. Дегенмен, Түркістан өңірі бұл деңгейде тоқтап қалмай, күн сайын заман талабына сай өркендеп келе жатыр десек, қателеспейміз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан қаласы былтыр ерекше туристік мәртебеге ие болса, биыл нааурыз айында Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осыған сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтап қалу үшін Түркістан қаласының аумағында тарихи нысандарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кесенені қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және оның шекарасынан 100 метр қашықтықта ауқымы, түсі мен құрылыс материалдары бойынша ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға рұқсат етілмейді.

Шаһар аумағында археологиялық ескерткіштердің резерваты құрылады. Қалада жайлы орта құру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағытқа айналады. Бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қаланы қолайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістанның әкімдігі мен мәслихаты қосымша өкілеттікке ие болады. Сол арқылы шешімдерді қабылдау үдерісі жеделдейді, тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бақылау күшейеді және қаланың бірыңғай дизайн коды енгізіледі. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнер шеберлерін қолдауға, көлік транзитін реттеуге және қаланың тарихи бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.

Түркістан қаласында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, туристерге жайлы жағдай жасау арқылы 4 жыл ішінде келушілер саның бір миллион адамға жеткізу көзделген. Ең бастысы – өңірдің туристік деңгейін көтеру, салаға инвестиция тарту, эко-туризмді өркендету және емдеу-сауықтыру саласын ілгерілету бағыттарына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс көлемінде былтыр қырықтан аса іс-шара өткізілді. Жыл басында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс орталығының тағы бір туристік ғимаратпен толығатынын хабарлады. Ол бірнеше қонақүй мен дәмхана және көрме орталығы орналасатын, жиырмадан аса шеберге арнайы шеберхана берілетін қолөнершілер қалашығы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Түркістан мен Әбу-Дәби арасында бағасы қолжетімді әуе рейсі ашылды. Аптасына бірнеше рет қатынайтын бұл рейстің де өңір туризмі мен экономикасына айрықша үлес қосатыны сөзсіз. Тиісінше, туризмді өңірлік деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік ол болмақ. Осы рейс ашылғанда облыс әкімінің орынбасары Түркістанға келушілер саны жылына бір миллион адамға жеткенін, аталған салаға бес жыл ішінде 356 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, облыс орталығында жаңадан қырыққа тарта қонақүй салынғанын атап өткен еді.

Түркістан өңірінде емдеу және сауықтыру туризмі де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге көтерілген. Оның басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқаны да көпшілікке мәлім болар. Енді Сарыағаштың курорттық аумағы одан сайын дами түспек. Бүгінде аталған ауданда жетпістен астам емдеу-сауықтыру орталығы мен алпысқа жуық шипажай халыққа қызмет көрсетіп жатыр екен. Алдағы уақытта осы орталықтарға Түркістандағы туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері жұмысқа тартылмақ. Одан да өзге жұмыстарға басымдық берілетін болады.

Өңірдің туризмін шет мемлекеттерге таныстыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Мысалы, былтыр наурыздың басында Берлин қаласында өтетін дәстүрлі ITB Berlin 2024 көрмесіне түркістандықтар да қатысып қайтты. Делегация құрамындағы белді ұйымдардың өкілдері өңірдің туризмінен хабар беріп, туризм саласының әлеуеті жайлы түсіндірген. Сонымен бірге, Самарқандағы форумға да, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуына да Түркістан облысының өкілдері қатысты. Қазір Түркістан қаласында туризм бағытын ілгерілетіу үшін түрлі бастамалар қолға алынған. Жаңадан салынып жатқан нысандардың келбетіне, идеологиялық мәніне, сапасына қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Соның арқасында сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес, өңірге табан тіреген шетелдік қонақтардың саны едәуір көбейген. Алдыңғы жылы облыс көлеміндегі туристік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында 10,6 миллиард теңге бөлініп, жеті жоба аске асырылған. Ал, 2024 жылы бұл бағытқа 17,6 миллиард теңге, қаралып 19 жоба жүзеге асырылды. Алдыңғы жылы облыстағы туризм саласына 53,5 миллиард теңге инвестиция салынып, жиырма бес нысан іске қосылып, 350-ден аса жұмыс орны құрылған. Ал, былтыр құны 20 миллиард теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның жұмысы басталып, 500-ге жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ірі жобалардың қатарында жоғарыда аталған Қ.А.Ясауи кесенесі аумағындағы «Күлтөбе» қалашығы да бар. Облыс орталығында көлемі 11,8 гектарды құрайтын аумаққа аквапарк, вилла бой көтеретін 5 жұлдызды қонақ үй салу да көзделіп отыр. Аталған жобаның құны жүз тоқсан миллион АҚШ доллары. Одан бөлек, ұлттық спортқа қызығушыларды тарту үшін жүз гектарға жуық аумаққа атшабар салынбақ.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасытарапынан туризмді 3 бағытта кластерлік дамыту ұсынылды. Біріншісі – Түркістан қаласындағы, Отырар, Сауран және Бәйдібек аудандарында орналасқан тарихи нысандарды қамтитын тарихи-танымдық туризм кластері. Екіншісі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Түркістан қаласы маңындағы Жетікөлді қамтитын экологиялық белсенді туризм кластері. Үшіншісі – Сарыағаш, Арыс, Манкент курорттық аумақтарын қамтитын емдік туризм кластері. Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласына келушілер ағынын арттыру және туристердің болу ұзықтығын ұлғайту мақсатында қаланың төңірегіндегі 60 шақырым радиуста орналасқан туристік нысандарды дамыту және қала аумағында аталған нысандар бойынша ақпараттар орналастыру керек.

Нысандардың инфрақұрылымын жетілдере отырып, жаңа туристік бағыттар ашу жоспарлануда.Ақмешіт үңгірін туристификациялау да маңызды мәселе. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үңгір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда үңгір орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару мәселесі қарастырылуда. Бұдан әрі үңгір айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бәйдібек ауданындағы туристік орындарға келушілердің көптігіне қарамастан мемлекетке ешқандай түсім алып келмейді. Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қос ана секілді кесенелерден түсетін табыс жоқ. Осыған орай, Бәйдібек ауданы әкімдігіне заңнама талаптарына сәйкес Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қос ана кесенелеріне кіру бағасын белгілеу жөнінде ұсыныс беріліп отыр.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі көптеген саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.

Шавгар – Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынғаннан кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап, Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылдан бастап, Қазақ хандығының астанасы деп танылды.  Бүгінде Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінде қазақтың небір хандары мен билері жерленген.

Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді. Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді.  Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхат- тауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орын дары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризм ге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Туризм саласының төмендегідей экономикалық функцияларын атап өтуге болады:

– туризм саласы экономиканың басқа сала ларына қарағанда салынған капиталдарды тез арада өндіріп алуға мүмкіндік береді

;– экономиканың өзге түрлерінен гөрі өнімділік деңгейі жоғары болып келеді;

– туризмге салынған инвестиция аймақтық экономикаға және мемлекеттік экономикаға да оң әсерін тигізеді;

– туризм саласы еңбек күшіне негіздел- гендіктен, жұмысссыздық мәселесін шешуде өте маңызды;

– туризм аймақтық және мемлекеттік инфрақұрылымды дамытады;

– халықаралық туризмнің дамуы дамыған елдерден дамушы елдерге қарай ақша ағынын тудырады;

– табиғи ресурстар туризм саласының негізгі қайнар көзі болғандықтан, туризмді да мыту үшін табиғи ресурстарды қорғау және да мытуда көп жұмыстар атқарылуда. Яғни туризмі дамыған елдің табиғаты да жақсарады;

– туризмнің әсерінен елдің әлеуметтік және мәдени байлықтарына назар аудартады және да мытады.

Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласы на және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады. Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр. Архитектуралық бағытта қаланың алып жатқан аумағын үш аймаққа бөлуге болады:

• Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражайлық кешен төңірегіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер;

• әкімшілік, орталық алаң, мейманхана лар мен мейрамханалар орналасқан әкімшілік орталық;

• Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың негізгі оқу, ғылыми орталықтары мен қосалқы оқу кешендері және мәдени орталықтары орналасқан ғылыми-ағартушылық аймақ.

Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болу ына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін айтуға болады.

Жылына келіп жатқан туристерге сапалы қызмет көрсететін мүмкіндік жасасақ, бұл қаланың экономикасына түсетін қаражат көлемі көбейе түсер еді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуы на қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.

Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.

Туризм саласының мамандары Түркістан қаласында туристік қызметті дамытуда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет деп есептейді:

1. Түркістан қаласының ең маңызды мәселесі, яғни қаланың туристік мүмкіншілігін Қазақстан және алыс шетелдерге таныстыру қажет.

2. Түркістан қаласы және айналасындағы қандай туристік ресурстардың (тарихи, мәдени және рухани байлық – объектілер) бар екенін жоғары деңгейде зерттеп тіркеу.

3. Келген туристтердің ерекшеліктерін (жас, келу мақсаты, не күтеді, неге көңілі толады, толмайды, т.с.с) жақсы зерттеу керек. Оған қарап стратегия жасап, жұмыстар жасау қажет.

4. Туристерді ең кемінде 2 түн 3 күн Түркістанда ұстау үшін турпакеттер ұсыну керек. Мысалы: 1-күн: Яссауи кесенесі, Арыстан баб және оған жақын бір киелі жерге зиярат ұйымдастыру. 2-күн: 1 маршрут бойынша түске дейін 1, түстен кейін 2 киелі жерге зиярат ұйымдастыру. 3-күн: таңертең шығарып салу. Тек қана кесенені жарнамалап көп турист тарту шектеулі болады. 50 км қашықтықта басқа киелі жерлермен ұштастырып турпакеттер жасаған жөн. Бұл үшін Түркістан айналасындағы маңызды киелі жерлерді көрсететін карта жасау керек.

5. Туризм туралы республикалық және облыстық семинарларға қатысып, Түркістан туралы таныту жұмыстарын жасау.

6. Түркістан туралы басылым халықаралық және республикалық газет, ақпарат агенттікерінің беттерінемақалалар жазу қажет.  

7. Республика деңгейінде халықпен байла ныс іс-қимылдарын жасап Түркістанның жақсы имиджін қалыптастыру.

8. Республика деңгейінде хабар тарататын радио және теледидар каналдарында Түркістан туризмі туралы бағдарламалар жасап жариялау.

9. Теледидардағы сериалдар, киноларды Түркістанда түсірілуіне түрткі болу. (Тарихи тақырыпта түсірілетін бағдарлама немесе кинофильмдер Түркістанда түсірілуіне жағдай жасау).

10. Шетелдік саяхат туралы ғылыми жұмыстар жазған ғалымдардың Түркістан жайлы жазуын қамтамасыз ету.

11. Маңызды туристік көрмелерге қатысып, Түркістан аймағын насихаттау.

12. Түркістан және киелі жерлерді, құндылықтарды көрсететін жоғары сападағы, бірнеше тілде брошура дайындау.

13. Түркістанға, автобус және Шымкентке жүретін пойыздарға жолаушыларға Түркістандағы туристік мүмкіндікті көрсететін видеороликтер көрсетіп, брошуралар тарату қажет.

14. Мемлекеттік және облыстық телеарналарда арнайы дайындалған жарнамалар жария лату. Осы жарнамаларда танымал тұлғаларды сөйлету.

15. Түркістандағы көп турист алып келген турфирмаларға естелік сыйлықтар беру. Олардың басшыларын Түркістанға қонаққа шақыру.

16. Туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын, техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру. Қонақ үй бағасын жеңілдету керек.

Сондай-ақ,шетелден және Қазақстаннан туристерді тартумен айналысатын мекеменің сайты болу керек. Әулиелі жерлерге мінәжәт етіп келушілердің және тарихи, діни экскурсиялық орталықтарға сырттан келушілер туризмі мен ішкі діни экскурсиялық туризмді дамытудың да маңызы зор. Аталған міндеттерге байланысты туризм саласының қызметтік бәсекелестіктерін арт тыратын экономикалық тетіктерді дайындау қажеттігі туындайды. Ол тетіктер бағалардың өзгеруіне қарамастан туристік клиенттердің талаптарына толық жауап бере алатындай біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 9 рет