Түркістан: Ордабасы ауданының әкімі өндіріс пен егін орағы науқанымен танысты

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы жұмыс сапарымен Бадам индустриалды аймағындағы және ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысандарды аралап, өндіріс орындарының жұмыс барысымен және егін ору науқанының жағдайымен танысты.

Ордабасы ауданында жылу беру маусымына дайындық шаралары пысықталды

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатындағы штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде аудан көлеміндегі бюджеттік мекемелердегі жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Түркістан: Ордабасы ауданында коммуналдық салаға жаңа техникалар тапсырылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында арнайы бөлінген қаржының есебінен сатып алынған 4 коммуналдық техника "Темірлан абаттандыру" мекемесіне тапсырылды.

Түркістан: 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егілді

Түркістан облысында 2025 жылға аса қауіпті аурулардың профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, 10 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егіліп, жоспар 83%-ға орындалды.

Түркістан обылысныда келуші шетелдік туристер саны 2 есеге артты

Түркістан облысындағы негізгі бағыттардың бірі – туризм. Аймаққа келушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.