Дүйсенбі, 24 Қараша 2025 17:19

Кентауға қарасты Хантағы мен Байылдыр ауылдарында улы газдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Хантағы және Байылдыр ауылдарында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала әкімдігі, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, қалалық газ мекемесі, қалалық электр желісі қызметкерлері және ауыл әкімдіктерінің мамандары бірлесе қатысты.

Түсіндіру барысында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу, пештерді дұрыс пайдалану, желдету талаптарын сақтау және қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Осындай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 164 рет