Шымкентте туристік объектілер үшін 3Д-тур жасау жолға қойылады

Бүгінде отандық туризмді дамытуда Түркістан қаласына ерекше көңіл бөлініп отырғаны жасырын емес. Бұл қалада жаңа әуежайдың іске қосылғанына қарамастан, киелі шаһарға келушілер ағыны әлі де Шымкент қаласынан өтетінін көңіл көншітеді. Осы орайда, Түркістан мен Шымкент қалалары қандай жағдайда да бірге дамитынын түсіну қажет. Яғни, көрші өңірдегі киелі орындарға келген саяхаттаушыларды Шымкент қаласына да тартудың мүмкіндігі зор. Сол үшін биыл қаладағы Этноауыл аумағын абаттандыру және қайта құру жоспарланған.

2024 жылы туристік индустрия өкілдеріне арналған  семинар-тренинг өткізілді. Оған гид-экскурсоводтар, қонақ үй бизнесі әкімшілері, мейрамхана қызметкерлері, барлығы 90 маман қатысып өздерінің кәсіби біліктілігін шыңдай түсті.  «Visit Shymkent» туристік ақпарат орталығының дүңгіршектері бірнеше орындарда ашылды Оған қоса «2ГИС» қосымшасына туристік нысандар енгізілді және «Red Bus» атты шетелдік туристерге экскурсия ұйымдастырылды.

Биылда бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, Шымкент қаласына келген қонақтарға және туристерге хабарлама тарату қолға алынбақ. Туристік индустрия өкілдеріне арналған  семинар-тренингтер ұйымдастырылады. «Visit-Shymkent.com» ресми туристік порталын (сайт) cүйемелдеу жұмысы жалғасады. Тревел-блогерлер мен контент мейкерлерге арналған мастер-класс ұйымдастырылып, «2ГИС» қосымшасына ұлттық және шығыс асханалар жиынтығы енгізіліп жатыр.

Туристік нысандар мен тур маршруттарды цифрландыру, атап айтқанда, туристік объектілер үшін 3Д-тур жасау жолға қойылады. «Visit Shymkent» орталығының туристік аралы ашылмақ. Оған қоса 24/7 режимінде жұмыс істейтін Гастрономиялық аллея ашу және Бадам су қоймасы аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр.

 

 

Туристер саны бойынша Шымкент елімізде - 4 орында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет. Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек» деген болатын.

Шымкентте Азаматтық форум өтті

Шымкентте азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кезекті диалог алаңы ұйымдастырылды. Qyzgaldaq сарайында IV қалалық Азаматтық форум өтті. Іс-шараның мақсаты — үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы өзара әріптестікті нығайту, азаматтық бастамаларға қолдау білдіру. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы кеңінен талқыға түсті.

Түркістан: Бәйдібек ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Түркістан: Сауранда ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды

Аудан әкімдігі ғимаратында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен 2025 жылы өтетін Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық жөніндегі комиссия отырысы өтті.