Түркістан облысы: еңбек құқықтары мен қауіпсіздік мәселелері пысықталды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелеріне арналған маңызды жиын өткізді. Жиында еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалу заңдылығын қамтамасыз ету жайы талқыланып, нақты көрсеткіштер сараланды.