Барлық қазандықтар заманауи автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, №5 және №6 қазандықтарға жылыту маусымына дейін ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта № 7,8,9,10,11,12 қазандықтар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу беру бүгінгі таңда қалыпты деңгейде. Қала әкімі Жандос Тасов жылуды тұрғындарға сапалы әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат