ЖЕТІСАЙ: АРДАГЕР ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Жетісайлық полицейлер 1-қазан «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында ардагерлерді құттықтады.

1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында 1-қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланған болатын. Содан бері бұл мереке біздің елімізде де жыл сайын тойланып, қарттарға арнайылап құрмет көрсетілуде. Тіпті еліміздегі полиция қызметкерлері тарапынан ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат жасау жылдан-жылға дәстүрге айналып келеді.

Осы орайда Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков Ішкі Істер саласында тер төккен ардагерлердің үйлеріне арнайы барып алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыс етті.

Айтулы мерекеде Надиров Үсенбек, Бекманов Исабек, Абдухаймов Фархат ішкі істер саласында қызмет атқарған уақытта бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын баяндап, полицейлерге ақыл-кеңестерін бөлісті. Кездесу соңында ақсақалдар қызметкерлерге батасын беріп, ақ жол тіледі.

Деструктивті діни ағымдардан қалай сақтанамыз?

Бүгінгі күнде түрлі жат ағымдар мен миссионерлік топтар өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырып бағуда. Әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, ақ пен қараны, оң мен солды ажырата алмаған жастарымыздың, сонымен қатар ес тоқтатқан азаматтардың да санасын улап, жат ағымның жетегіне кетуге мәжбүрлеуде. Тіпті, теріс діни ағым қоғам дертіне айналып бара жатқаны өкінішті?!

Адамзат баласының ортақ құндылықтарының бірі - дін. Дін дегеніміз – нәзік құбылыс, тұлғаның рухани дүниетанымын қалыптастыратын қасиет. Ондағы кейбір термин заманға сай атауын өзгерткенімен, ішкі мағынасын жоғалтқан емес. Солардың бірі – деструктивті діни ағым. Қоғамда дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды «деструктивті немесе кереғар діни ағымдар» деп атаймыз. «Деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда, өзекті мәселенің бірі - дін екені  баршамызға мәлім. Шынайы дініміздің құндылықтары, қағидалары, шарттары мен бағыттары адам баласын жақсылыққа, ізгілікке шақыратыны айқын. Ал діннің атын жамылған кереғар діни  ағымдардың іс-әрекеттері адамды кері кетіруге, адасушылықтарға жетелейтіні анық.

Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойында мынадай типтік белгілер кездеседі:

  • діни тақырыптарға шамадан  тыс көп әуестенуі;
  • ата-анасына, жақын туған-туыстарына бағынбау;
  • араласып жүрген адамдарына, отбасына, достарына, кәсібіне қарым-қатынасының өзгеруі;
  • өзінен-өзі тұйықталу;
  • еш себепсіз үйінен жиі кетіп қалу;
  • отаншылдық сезімге, өз елінің төл мәдениетіне, салт-дәстүріне, ата-бабасына мысқылдап қарау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалу.

Жат ағымды насихаттаушылар өз мүшелеріне заттай қарағандарымен қоймай, оларға бейэтикалық тәсіл қолданып өздерінің ырықтарына бағындырғысы келеді. Мысалы; психологиялық қысым көрсету, бопсалау, қорқыту, ұрып-соғу және т.б. НЛБ (нейро лингвистикалық бақылау) яғни сананы бақылауға алу арқылы жат ағым насихаттаушылары жергілікті халық көп шоғырланған елдімекендерде тұрып, қызметтерін табысты атқару үшін сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын жеткілікті деңгейде зерттеп, үйренеді. А.Котляровтың пікіріне сүйенетін болсақ, беймаза және күмәншіл адамдар, перфекционизмге бейім тұлғалар мен өзінің ішкі әлеміне терең қарайтындар,  инфантильді  адамдар (жасы егде тартқан кей адамдардың ой-өрісі мен іс-әрекеті балаға ұқсап, өздерін бала сияқты сезінетін жандар), рухани күйзелісте жүргендер, өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған адамдар теріс діни ағымның ықпалына тез түседі. 

Психологтар жүргізген зерттеу нәтижесіне тоқтала кетер болсақ, 14-25 жас аралығындағы жастар аутоагрессивті әрекеттерге сезімтал екені анықталған. Жасөспірімдердің санасы енді бүршік атып келе жатқан ағаш іспетті, жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, кез келген нәрсені өзіне жақын қабылдауға дайын тұрады. Бұл кезеңде оғаш мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Егер әрбір ата-ана осы шақта баласына дұрыс көңіл бөліп, баласымен жақсы қарым-қатынас орнатып, сонымен қатар материалдық және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімде болатын ауытқу ахуалдарының алдын алуға мүмкіндігі болады. Жасөспірімнің психологиясы енді қалыптасып жатқан тұста санасына дұрыс қасиеттерді сіңіру қажет. Тәрбие арқылы, баланың бойындағы жаман әдет пен теріс қылықтан арылтуға болады. Сондай-ақ, жасөспірімнің жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімге бай тұлға етіп қалыптастырған абзал.

 Бүгінгі күні статистикалық мәліметтер бойынша, дінге қызығушылық білдірген азаматтардың 73% қажетті мағлұматтарды ғаламтор желісінен іздейді екен. Бұл көрсеткіш еліміздегі жастардың басым бөлігі діни сауатын ең алдымен интернет арқылы ашатынын көрсетеді. Яғни, шырпы жақсаң тұтануға шақ тұрған қазіргі қоғамда ғаламтор сайттары, видеохостингтер, әлеуметтік парақшалар («ВКонтакте», «Facebook», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok», «Одноклассники», «Twitter», «Мой Мир»), блогплатформалар және басқа да байланыстырушы масс-медиа құралдары әлемде заманауи мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптердің туындауына септігін тигізуде. 

Сол қауіпті сейілтудің бірнеше жолдары:

  • Әр саланы өз маманынан біліп, үйренгеніміз жөн. Егерде сізді қандай да бір діни сауалдар мазаласа, өзіңздің тұрғылықты жеріңіздегі ҚМДБ филиалдарына яғни мешіттерге барып, имамдардан өз жауабыңызды ала аласыз.
  • Егерде діни сауатыңызды ашқыңыз келсе, ең алдымен ғаламтор беттерін парақтамай, мешіт имамдарынан, медресе ұстаздарынан дәріс алған жөн.
  • Егерде сізге белгісіз адам діни материалдарды (фото, бейне-аудио жазба) жіберсе, не себепті жібергенін сұрап, іштей сараптама жүргізгеніңіз абзал.
  • Қазақта: «Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз екі елге тарайды»- деген дана сөз бар. Бейтаныс адамдарға сырыңызды айтудан, жан-тәніңізбен ашылудан  сақтаныңыз. Теріс діни ағым өкілдері   сіз туралы мәліметтерді өзіңізге қарсы қолданудан тайсалмайтыны хақ.
  • Хәкім Абай: «Сен де бір кірпішдүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!»- демекші, өмірден өз орныңызды тауып, алға қойған арман-мақсаттарыңызды нақтылағаныңыз өзіңізге жақсы. Сонда ғана жат діни ағымның жетегіне еріп кетуден аулақ боласыз.
  • Абайша айтқанда «Өзіңе сенөзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!»- дегендей, тек қана өзіңіздің күшіңізге, өзіңіздің ақылыңызға арқа сүйеңіз.

Қорытындылай келе қауіптің алдын алу үшін жастардың құқықтық және діни сауатын арттыру мақсатында жүйелі ақпараттық түсіндіру шараларын өткізіп, діни ағартушылық бағдарламалар ұсыну қажет. Тағы да атап өтер жайт, ғаламтор кеңістігінде орналастырылған діни мақалалардың дұрыстығына көз жеткізіп, тек қана ресми сайттардан ғана оқу маңызды.

 

 А.Борибекова  Теолог маман                                      

Көлік жүргізу құқығынан шектелген азамат қамауға алынды

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд жүргізу барысында, түнгі сағат 01:00 шамасында жүрісі күдік тудырған «Ауди 80» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты.

Көлік жүргізушісімен тілдесу кезінде сақшылар оның мас болуы мүмкін екеніне күмәнданып, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы жүргізуші ер азаматтың алкогольді масаң күйде екендігін анықтады.

Автокөлік бірден айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сақшылар одан әрі қарай анықтау кезінде ер азаматтың бұған дейін соттың үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын білді.

Яғни жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау және мас күйде рульге отырмау қажеттігін ескертеді.

8 жасар қыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өтінішпен келген. Әйелдің айтуынша, ол 2013 жылы отбасымен Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға тұрғылықты тұруға көшіп келген. Содан ҚР-ның азаматтығын алу үшін құжаттарын 2013 жылдың соңында өткізген.

Алайда құжаттарды қарау мерзімінде 2014 жылдың басында босанып, осы аралықта жаңа туылған сәбидің құжатында ата-анасы өзбекстандық деп жазылып кеткен. Мұны байқамаған ата-анасы бірнеше жылдан кейін Өзбекстанға өтуге арналған құжатты дайындау кезінде, бұл кемшілікті білген.

Сондықтан келестік полицейлерге өтініш жасап, 8 жастағы қызына қазақстандық деген анықтама беруді сұрайды.

Тұрғынның өтініші бойынша Келес АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры Гүлжан Құралбекова, жұмыс жүргізеді. «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, Айым Урманова есімді кішкентай қызға ҚР-ның азаматы деген тиісті анықтама берілді.

Құрметті облыс тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Яғни полицейлер Бәйдібек ауданы Ақтас көшелерінің бірінен күндізгі сағат 13:30 шамасында «Chevrolet Niva» маркалы автокөлігінің жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер, жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Аталған жайтты нақтылау үшін, медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Бәйдібек аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

Діни білім беру жүйесінің – зайырлық сипаты

Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің  араб жерінде емес, Түркістан өлкесінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері және архиологиялық қазба жұмыстарында табылған мәдени оқу ошақтары болып табылады. Қазақстан жеріндегі медреселер жүйесі Сыр бойындағы қалаларда ерекше өрістеді. Бұл Қожа Ахмет Ясауи негізін салған рухани ілім арқылы Түркістан қаласының түркі жұртының рухани астанасы деңгейіне көтерілуімен тікелей байланысты болды. Орта ғасырларда бірыңғай рухани мәдени кеңістікте өмір сүрген Орталық Азияда медреселер жүйесі ерекше қарқынмен дамыды. Медреселер көбіне мешіттердің жанынан салынды. Бұхара, Самарқанд жерінде басталған медресе дәстүрі Баласағұн, Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Өзкент секілді Ұлы Жібек жолының бойында жатқан ірі мәдени орталықтарда жалғасын тапты. Ортағасырлық жазба мәліметтерде бір ғана Баласағұн қаласында 40 мешіт, 20 медресе болғаны айтылады. Қазақстанда XIX ғасырдың 50-60 жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу кезеңі күз, қыс айларында жүргізілді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау керектігі айқындалды. Осыған байланысты тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміздің білім беру жүйесінде жыл сайын реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар еңгізілуде, ал дәстүрлі білімге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Бiлiм беру жүйесiнің реттелуі қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi.

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес «Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады», - деп көрсетілген.

Білім берудің зайырлы сипаты діни немесе дінтанулық білімге тыйым салынады дегенді білдірмейді. Еліміздің заңнамалары аясында діни және дінтанулық білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған.

Біріншіден, ұлт дүниетанымының, мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі ретінде дін туралы түсініктер мен діндер тарихы туралы мәліметтер, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі болып табылатын діндерге қатысты мағлұматтар, олардың пайда болуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны туралы ақпараттар жалпыға бірдей білім беретін орта мектептен бастап, білім беру мекемелерінің барлық деңгейінде қоғамдық пәндер аясында оқытылады.

Екіншіден, орта мектептің 9-сыныбындағы «Зайырлық және дінтану негіздері» пәні аясында діндер тарихы мен тәжірибесі, дәстүрлі діндер мен жаңа діни қозғалыстар, Қазақстандағы негізгі діндер, олардың қасиетті кітаптары және діни мейрамдары, ислам дінінің қазақ жеріне таралуы, ханафи мазхабы мен матуриди ақидасының қазақ діни танымындағы орны, қазақ ғұламаларының рухани-діни мұрасы, қазақ жеріндегі исламдық мәдениет туындылары секілді өзекті дінтанулық мәселелер жүйелі негізде оқытылады.

Үшіншіден, «дінтану» пәні таңдамалы курс ретінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілген. Білім алушылар өздерінің қызығушылықтары мен таңдауларына сәйкес осы пән арқылы дін туралы білімдерін кеңейте алады.

Төртіншіден, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде жоғары оқу орнының арнайы кафедралары арқылы діндер тарихы мен теориясын, исламтанушы, мемлекеттік діни қатынастарды, жаңа діни қозғалыстар мен діни ахуал мәселелерін зерделейтін дінтанушы мамандар даярланады. Олар: «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті (Алматы қаласы) қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қаласы) мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де (Нұр-Сұлтан қаласы), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы), Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогиқалық университеті (Шымкент қаласы) және Павлодар педогогикалық университеттері «дінтанушы», «теология», «тарих және дінтану» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Отандық жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған дінтанушы, теологтар діни оқу орындары мен мемлекеттік қызметке араласып, игі нәтижелерді көрсетіп келеді.

Бесіншіден, қолданыстағы заңнамалар аясында діни білім берудің нақты тетіктері жасалған. Еліміздегі ресми тіркелген діни бірлестіктер жанынан діни сауат ашу курстары ашылған. Олар: Елімізде қызмет ететін шіркеулер мен сыйыну үйлерінің жанында православие негіздерін үйрететін жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Онда үш бағыт бойынша білім беріледі. Алғашқысы діни сауат ашу, христиан дінінің ілімін үйретуге бағытталған. Кейін сурет салу, ән айту өнерлеріне машықтандырады. Мұнда 7-14 жас аралығындағы балаларға христиан дінінің ілімі үйретіледі.

Сонымен қатар мешіттерде ҚМДБ-ның қолдауымен мектеп жасындағы балалар үшін жыл сайын жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізуде. Өз қалауына сәйкес аталған курстарда бастауыш діни білім алуға кез келген азаматтың мүмкіндігі бар. Кәмелетке толмаған балалар діни курстарға ата-анасының келісімімен бара алады.

ҚМДБ-ның республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты Қарилар дайындау орталықтары ашылған. Республика көлемінде Ақмола облысы, Қосшы елді мекенінде ашылған «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани», Шымкент қаласында 2013 жылы тіркеліп, іске қосылған «Ықылас» қарилар дайындау орталығы» және Түркістан облысы, Кентау қаласында ашылған «Балаби қари» Құран жаттау орталығы қызмет атқаруда. Орталықтардың мамандану бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның нормаларына сәйкес республикалық және өңірлік діни бірлестіктер дін қызметшілерін даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құра алады. Осы негізде қазір елімізде 12 рухани (діни) білім беру орны жұмыс істейді. Оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған.

Діни және дінтанулық бағыттағы барлық мамандықтар бойынша мемлекет тарапынан тиісті деңгейде грант бөлінген, шетелдік жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасу, бірлесе мамандар даярлау тетіктері қалыптасқан. 2013 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «дінтану» және «теология» мамандықтарына грант бөліне бастады.

Әлемдік тәжірибеде діни және зайырлы білім берудің әртүрлі арақатынасы бар. Ресми деректерге қарағанда діни білім шамамен әлемнің 140 елінде жүргізіледі. ЮНЕСКО-ның Халықаралық білім беру бюросының жүргізген зерттеуі мен талдауына сүйенсек, әлемнің 73 елінде діни білім аптасына кем дегенде бір рет жүретін міндетті пән болып табылады. Әр мемлекет өз діни және білім беру саясатына, діни және мәдени тарихына байланысты діни ұйымдардың білім беру қызметін дербес айқындайды.

Дін қашан да қоғамның, мемлекеттің, адамның өмірінде дүниеге көзқарас пен сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді. Қоғамдық феномен болғандықтан діннің жалпы халық пен мемлекет тұтастығы үшін өзектілігі жойылмайды. Осы орайда зайырлы мемлекеттегі діни және дінтанулық білім жүйесі біріншіден – мемлекеттік саясаттың жалпы қағидаттарына, екіншіден – қоғам сұранысына, үшіншіден заманауи бағдарлар мен даму болашағын ескере отырып, білім жүйесіне жасалатын объективті талдауларға сүйенеді.

Осы негіздерге сәйкес қоғам өмірін құқықтық тұрғыдан реттей отырып, оның дүниетанымдық көзқарастарын ғылыми тұрғыдан байытатын, рухани-мәдени құндылықтарының сақталуы мен дамуына жағдай жасайтын зайырлылық ұстанымы – мемлекеттің рухани дамуының кепілі болып табылады.

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ теолог маманы                                                                                       А.Дүйсен

Алғаш рет полицейлердің ұйымдастыруымен "Түркістан рухани, қауіпсіз қала" форумы өтті

Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған, форум өтті. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауымен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың ұйымдастыруымен, «Түркістан рухани, қауіпсіз қала» тақырыбында ауқымды форум өтті.

Аталған жиынға ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаров, медиаэксперт, саяхатшы, журналист Өркен Кенжебек, заңгер, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде шақыртылды. Олар сахна төріне шығып, рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету туралы мән-мағыналы пікірлерін жеткізіп, жұртшылықтың жүрегіне жетер ойларын ортаға салды.

Форумға полицейлермен бірге әкімдік қызметкерлері, прокуратура өкілдері, Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен депутаттар, жергілікті тұрғындар, оның ішінде мұғалімдер мен оқушылар, студенттер, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты.

Форумның шымылдығын көрермендерге ой саларлық театрландырылған көрініс ашты. Сахнада әйелін ұрып жатқан күйеу, баласын тастап кеткен көкек ана, өрімдей қазақ қыздарының жеңіл жүрісі, жастардың есірткіге елітіп, құмар ойынға құмартып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі сынды оқиғалар көрсетіліп, соңында заң бұзушылық жасамау қажеттілігі ұғындырылды.

Одан әрі рухани астана - Түркістан қаласының бас полицейі Б. Жанаев баяндама жасап, форумның мақсаты мен полицейлердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын тілге тиек етті: "Жыл басынан бері жанұядағы жанжал бойынша 580 шақырту түссе, оның 360-ы ішімдік ішкендермен болған. Мас халдегілермен 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеумен байланысты. Демек қылмыстардың орын алуына ішімдіктің едәуір әсер ететінін ескеріп, Түркістанды қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала етуге жұмыла ат салысуымыз"- деп атап өтті.

 

АРЫС: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АДАЛ ҰРПАҚ

« Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №376 бастауыш мектебі коммуналдык мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» атты рухани шара өтті. 3-4 сынып оқушыларын арасына өткен шараның мақсаты, оқушыларды адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге, саяси-құқықтық білімді қалыптастыруға бағытталды.

Қоғамдықөмірдеболыпжатқанөзгерістержағдайындаелдеқабылданғанбағдарламалыққұжаттардасыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылмәселелерінеайрықшаназараударылған. 2014 жылықабылданғанҚазақстанРеспубликасының 2015–2025 жылдарғаарналғансыбайласжемқорлыққақарсыстратегиясыныңбастыерекшеліктерінеқазіргікезеңдегіжұмыстыңбасымбағыттарыныңбіріқоғамдасыбайласжемқорлыққақарсымәдениеттіқалыптастыружатады. Сыбайласжемқорлыққақарсысаясаттыіскеасырудабарыншатабысқажеткенелдердіңтәжірибесінталдауқоғамдасыбайласжемқорлықтыруханиэтикалықдеңгейдеқабылдамауахуалынқалыптастырумейліншетиімдітәсілекенінкөрсетті. Сыбайласжемқорлыққақарсымәдениеттіңмәнін «сыбайласжемқорлық» ұғымыныңмазмұнын, осыэтностықәлеуметтікқұбылыстыңтарихитүп-тамырынтүсінбейінше, ұғынумүмкінемес.

Сыбайласжемқорлықұғымықазіргіғылымижәнеқоғамдық-саясиәдебиеттекеңіненқолданылады.  «Сыбайласжемқорлық» сөзі (латынтілінен «corumper») көптегенмағынасыбар: бүлдіру, құлдырау, парағасатыпалу, азғыру, туражолдантайдыру, притон, құбылмалылық, істібұзу, күйреугеәкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысынтаптау, «rumpere» көпмағыналы (бұзу, қирату, заңнанаттапөту, шарттыбұзу) етістігіменқатарқолданылатын  «со» қосымшасысыбайласжемқорлықбұлбірнешесубъектілердіңқатысуыменіс-қимылжасауекенінкөрсетеді. Бұданөзге, латынша «corruptio» «парағасатыпалу», «іріп-шіру» дегендібілдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреудіақшаменнемесеөзгедематериалдықигіліктерменпарағасатыпалу» дегендібілдіреді. Римқұқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, парағасатыпалу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашаржағдай, (пікірнемесекөзқарастың) құбылмалылығы» дегенмағынаныбілдіреді. Сыбайласжемқорлықұғымыныңжалпығатанымалтұжырымдарыменқатар, латынтермині «corruptio» екітүбірлісөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығадыдегенпікірбар.Сондықтансыбайласжемқорлықтыңмәнілауазымдытұлғаныпарағасатыпалуданемесеолардыбайытудаемес, оләлеуметтікжүйені, оныңішіндемемлекеттікбилікжүйесініңбірлігінбұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардыңзаңдымүдделерінқоғамдағыөзініңжағдайынжекемақсатынапайдакүнемдікарқылысатыпкетуде.ЕліміздесыбайласжемқорлыққақарсыкүресмәселелерінреттейтінҚазақстанРеспубликасыныңҚылмыстықКодексі, Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыкодесі, Еңбеккодексі, «Сыбайласжемқорлыққақарсыкүрестуралы» Заңы, ҚазақстанРеспбуликасыПрезидентініңЖарлығыменбекітілгенҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікқызметшілерініңАр-намыскодексінегізгінормативтікқұқықтықактілеріболыптабылады.

ОсыаталғансаладағықабылданғанЗаңнамалардыңбастымақсатыазаматтардыңқұқықтарыменбостандықтарынқорғауға, сыбайласжемқорлықкөріністерінентуындайтынқауіпқатерденреспубликаныңұлттыққауіпсіздігінқамтамасызетуге, осығанбайланыстықұқықбұзушылықтың, қылмыстыңалдыналу, анықтау, олардыңжолынкесужәнеашу, олардыңзардаптарынжоюжәнекінәлілердітиістіжауапқатартуменқатар, демократиялықнегіздерді, мемлекеттікбасқарудағыжариялылықпенбақылаудыкеңейтугехалықтыңмемлекетпеноныңқұрылымдарынадегенсенімдеріннығайтуға, біліктімамандардымемлекеттікқызметкекіругеынталандыруға, мемлекеттікміндеттердіатқаратынадамдардыңриясызадалдығыүшінжағдайларжасауғабағытталғаныжөніндеатапөтуқажет.Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өзөкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзіне месе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылық таралуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның транс ұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД  мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Транс ұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси  Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008  жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 29 қаңтар 2019 жылғы мәліметіне сәйкес 124 орынға табан тіреген. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады. Әрине, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орыналған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді. Жиыға қатысушылар еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқының адамгершілік – этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.Шара соңында оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, өз Отанын, тілін қастерлеуге, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ант берді.