Екі күн бойы аудан тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Бөрібеков, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі А.Камал мен көші-қон полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Е.Айтбаевтардан қажетті кеңестерін ала алады.
Акция барысында жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»