Түркістан облысы: Ащысайда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру мақсатында келіссөздер жүріп жатыр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына тиесілі қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахта қалдықтарын тиімді пайдалану және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Аталған қалдықтарды шаруашылық айналымға тарту арқылы экологиялық жүктемені төмендету, өндірістік әлеуетті арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру көзделіп отыр.

Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы Тағайна ауылында медициналық нысан пайдалануға берілді

Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Іс-шара барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті жақындату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы: Келес ауданында жаңа көпір салынады

Түркістан облысының Келес ауданында Келес өзенінен өтетін ескі көпірдің орнына жаңа көпір салу жоспарлануда. Аталған жағдай облыс басшылығының тұрақты бақылауында. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көпірді және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және өзекті мәселелері талқыланды.

Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы жер жырту жұмыстары басталды

Түркістан облысында 2026 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы 421,594 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оған қоса, өңірде шегіртке зиянкесінің таралуын төмендету мақсатында 1454,7 гектар аумақта жер жырту жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде шегіртке зиянкесінің санының азаюы күтілуде.

Түркістанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 1750 – ге жуық жаңа жол белгісі орнатылды

Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл шаралар көлік қозғалысын тиімді реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесу өтіп, Қазақстан Республикасының заң талаптары түсіндірілді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өңірдегі шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесу өтіп, Қазақстан Республикасының заң талаптары түсіндірілді. Кездесуге облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметінің басқарма басшысы Аида Смағұл, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова, «Тұран» арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жасұлан Төлебеков қатысты.

Түркістан облысы: Шардара ауданында 2 дәрігерлік-амбулатория салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысында медициналық нысандар салу, дәрігерлік көмекке қолжетімділікті арттыру мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында. Осы ретте Шардара ауданындағы Сүткент және Ұзын-ата ауылдарында заман талабына сай жаңа дәрігерлік-амбулатория ғимараттары салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді.

Түркістан қаласында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалық етіп, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және тиісті сала өкілдері қатысты.

Түркістан қаласында биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорынның капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.