Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2025 20:42

Түркістан облысы: Ащысайда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру мақсатында келіссөздер жүріп жатыр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына тиесілі қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахта қалдықтарын тиімді пайдалану және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Аталған қалдықтарды шаруашылық айналымға тарту арқылы экологиялық жүктемені төмендету, өндірістік әлеуетті арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру көзделіп отыр.

Осыған орай облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Аталған жобаға қызығушылық танытқан Hubei Nonmetallic Geological Company компаниясы нысанның инвестициялық тартымдылығын жан-жақты зерделеу, шлак жинақтарының ресурстық және технологиялық әлеуетін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен әлеуетті инвесторлар арасындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын айқындау мақсатында арнайы кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында өнеркәсіптік қалдықтарды тиімді игеру жолдары, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жобаны іске асырудың кезеңдері мен негізгі шарттары жан-жақты талқыланды. Hubei Nonmetallic Geological Company тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде геологиялық барлау және зертханалық зерттеулер саласында мол тәжірибеге ие. Компания бұған дейін Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінде, атап айтқанда Ақтөбе, Алматы және Шиелі аймақтарында осындай жобаларды табысты жүзеге асырған.

Аталған бастама өңірдегі өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы экологиялық жүктемені азайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беруге бағытталған. Бүгінде Ащысай ауылында 1 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 2 жалпы білім беретін мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт алаңшасы және 1 пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Кезінде өндірісімен танылған елді мекенде қазіргі таңда шамамен 2 мың тұрғын бар. Ауылдағы жолдардың жалпы ұзындығы 15,12 шақырымды құрайды.

Орайы келгенде айта кетсек, Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейтуге айрықша басымдық беріліп отыр. Жалпы өңірде 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын 111 инвестжобалар пулы қалыптасқан. Жоба толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгінде 34 инвестжоба іске қосылып, 4889 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар биыл 10 айдың қорытындысымен облыстың капиталына 1 178,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Облысқа 2025 жылға 475 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту индикаторы бекітілген. II тоқсанның қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар артығымен орындалды.

Бүгінде Түркістан облысы кәсіпкерлікке қолдау көрсету және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөнінен еліміз бойынша жетекші орында тұр. Өңірде өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар. Оның ішінде мақта шаруашылығын, мақта кластерін дамытуға облыстың әлеуеті толық жетеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысының шаруалары 100 мың тонна мақта талшығын өндіре алады. Оның көп бөлігі экспортталады. Тек 15%-ы ғана терең өңделеді. Терең өңдеу бойынша көрсеткішті ұлғайту – өңір басшыларының бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің білі. Бірлескен жобаларды іске асыруда, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласында өзара тиімді тәжірибе алмасуда Түркістан облысының болашағы зор деп айтуға әбден негіз бар.

Алдыңғы жылдан бері облыс басшылығы 10 елдің 80-ге жуық өкілімен кездесті. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия өкілдерімен келіссөздер жүрген. Оның ішінде инвестиция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми делегациялармен кездесулер өткен. Қытай Халық Республикасына іссапар аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қытайлық инвесторларды облысқа тарту мақсатында 11 компаниямен 2,6 трлн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойлыған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тартып, жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын бастап кеткен.

Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады.  Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осы тұста Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы кеңірек айта кетсек. Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%). Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%). Тау-кен өнімі 574,6 млрд теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды. Ауыл шаруашылығында 1 086,9 млрд теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%): - Мал шаруашылығы – 353,5 млрд теңге 106,8%; - Өсімдік шаруашылығы – 728,0 млрд теңге 99,3%. Облыс экономикасына, 1 178,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады. Жалпы сауда көлемі 688,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 450,6 млрд теңге немесе өсім 128,6% деңгейінде қалыптасты (жоспар – 103,0%). Есепті кезеңде 931,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, өсім 110,2%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 445,2 млрд теңгеге жетіп, 124,8%-ға артты (жоспар – 109,9%). Байланыс қызметінің көлемі 9,8 млрд теңгені, өсім 111,3%-ға жетті (жоспар – 109,3 %).

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап өтті. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру болып табылады. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі. Олар бойынша импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық. Нәтижесімен, бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік.

Индустриалды аймақтарда құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда. Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы: кооперация орталығы – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 7 инвестор кооперация орталығында жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 млн теңге). Бүгінгі таңда, 8 өндірістік ғимараттар мен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Жалпы өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобалары:

- Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны 35 млрд теңге, 300 жұмыс орны);

- Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны 21 млрд теңге, 960 жұмыс орны);

- Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны 9 млрд теңге, 96 жұмыс орны);

- Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны 8,5 млрд теңге, 150 жұмыс орны);

- Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд теңге, 150 жұмыс орны).

Жыл соңында 103,5 млрд теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобаларын іске қосамыз.

Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған (308 млрд тг). Жобаның І-кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Отандық өндірісті дамыту есебінен 27 млрд теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткізілді. Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады.

Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлерді белсенді атсалысуда. Ақпараттандыру-түсіндірме жұмыстарын «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаңдар құрылды. 30 млрд теңгеге 115 жобаны іске асырып, 1 124 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салынуда. Инвестиция көлемі 10,4 млрд теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталды.

Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдар құрылды. Аумағы 259,3 гектар. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Бүгінгі таңда, 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы аяқтап, іске қосу көзделген. Нәтижесінде, өңір экономикасына қосымша 87,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.  Салада атқарған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, өсім деңгейі 113,4%-ды құрады. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада алғашқы бестікте.

Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өтті. Өңірге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүр (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт сыртқы көздер есебінен). Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жобала қолға алынды. Атап айтқанда:

- «Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бугаз стансасының құрылысы басталды. Жоба құны 800 млрд теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда;

- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы салынады. Жалпы құны 155 млрд теңге. 

Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;

- Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр стансасының жобалары әзірленуде. Іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдар;

- Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі 2026–2028 жылдар.

Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында индустриялық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыс аумағында жалпы 1 951,2 гектар жерді қамтитын 20 индустриалды аймақ құрылған. Осы аймақтарда жалпы құны 39,5 млрд теңгеге 50 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 609 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жалпы құны 90,8 млрд теңгеге 47 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл 3 212 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 2025 жылы индустриялық аймақтарда 14 жоба іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні олардың 4 жобасы жүзеге асырылып, қалған 10 жоба жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі деп білемін. Әрбір инвесторлар үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,6 трлн.теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орындары ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі. Биыл 340 млрд теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды. Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2%-ды құрады.

Өңір экономикасына инвестиция тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде бекітілген көрсеткіштердің орындалуы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ облыс көлемінде форумдармен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сырттан келген инвесторлармен бауырластық және ынтымақтастықты дамыту арқылы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы арқасында инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі.  Түркістан облысына биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1427,1 млрд теңге көлемінде бекітілсе, 10 айының (қаңтар – қазан айлары) қорытындысымен 1178,4 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды. Бекітілген жылдық жоспар орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар облысқа 2025 жылға тікелей шетелдік инвестиция көлемі $475 млн көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысымен $543,5 млн-ды құрады. Жылдық жоспар артығымен орындалды. Одан бөлек, 2025 жылдың қорытындысымен құны 340,0 млрд теңге құрайтын 8270 жаңа жұмыс орнын ашумен 58 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге құны 180,5 млрд теңге құрайтын, 5322 жаңа жұмыс орнымен 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 159 рет