Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2025 16:46

Түркістан қаласында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалық етіп, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және тиісті сала өкілдері қатысты.

Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды. Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды. Мәжілісте қала басшысы жауапты сала басшыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, ақпараттық кеңістікті жақсартуға атсалысуды, ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіруді, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды.

Терроризмге қарсы күрес – әр азаматтың парызы. Ақиқатында экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Жалпы, қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастырудың маңызы өте зор. Бізде көп жағдайда жастардың саяси сауаттылығын арттыру тек ғаламтор жүйесіндегі ақпараттармен ғана шектеліп жатады. Дегенмен сөздің емес, істің нәтижесінің жоғары екендігі белгілі. Осы мақсатта алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқару керектігі айтылды.

Мәжіліс барысында қорғалатын объектілердің жай-күйі және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, интернет кеңістігіндегі заңсыз және деструктивті материалдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бағыттар бойынша ақпарат берілді. Баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Бұл бағытатғы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді. Мәжіліс соңында ақпараттық кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз болды. Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдардың жүргізіп отырған жүйелі жұмыстары мен талдау нәтижелері облыс аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсер ететіні, сондай-ақ саяси астары бар террорлық қауіптердің алдын алу тетіктерін күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Жыл өткен сайын елімізде деструктивті діни ағымдардың қатары көбейіп барады. Аталған діни ағымдардың елдің көнеден келе жатқан ата дәстүрі мен салтына, діні мен рухани дүниесіне, ата-ананың тәлім-тәрбиесіне, сонымен қатар заманауи медицина мен ғылым-білімге қарсылықтарын білдіріп жатқаны қоғам өміріне елеулі кері ықпалын тигізіп отырғаны шындық. Әсіресе, оң-солын танып үлгермеген жастардың сол діни ағымдардың шырмауына ілініп кетіп жатқаны алаңдатады. Сондықтан бұл орайда мемлекет тарапынан халықтың құқықтық әрі діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы жүйелі түрде іс-қимыл жүргізудің маңыздылығы аса жоғары. 

Соңғы уақытта әлемдік қоғамдастық радикалды діни ағымдардың, экстремизм мен терроризмнің өршуіне қатты алаңдаулы. Бүгінгі таңда экстремизм мен терроризм кез-келген елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Экстремизм мен терроризм-зорлық-зомбылық идеологиясы, бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс, оның субъектілері жеке тұлға, қоғам, мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі. Террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың маңызды шарты-қауіпке жауаптың ымырасыздығы, айқындылығы және қатаңдығы.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.

Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес. Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.

Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды.

Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырамыз. Қазақстан Республикасының Конституция сында ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген.

Жалпы, білімнің мақсаты – адамның көзін ашу. Сондықтан зайырлы білім де, діни білім де адамды дұрыс жолға ба­ғыт­тап, ойдан шығарылған қате  наным-сенімдерге еріп кетпеуіне күш салуы қажет. Әл-Фараби атамыз айтқан «тәрбиесіз білім апатқа апаратынын» есте сақтай отырып, беріліп жатқан білімнің халық игілігі үшін жұмсалуын қадағалау керек. Ғаламтор желісінен экстремистік контенттерді бұғаулау, азаматтардың діни білім алу мәселелерін реттеу, жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешімін табуға тырысу, экстремистік әрекеттері үшін жазаларын өтеп жатқан және экстремистік ағымдардан зардап шеккен жандарды оңалту секілді іс-шаралар – күн тәртібінен түспеуі тиіс істер.

Әсіресе жастардың дін­и және құқықтық сауа­тын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс идео­логияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл тұрғыда дәстүрлі діни мектепті жаңғыртудың маңызы зор. Ұлттық танымды, ұлттық ділді бойына сіңірген ұрпақ ұрдажық қадамға бара қоймайды. «Обал болады» деп, құмырсқа екеш құмырсқаны абайсызда басып кетуден сақтанып жүретін қазақы мінезді бойына дарытып өскен баланың адам баласына қару кезенуі – беймүмкін нәрсе. Ол үшін, әсіресе, мектеп бағдарламасында ұлттық дәстүрді түсіндіру, жыраулар мен ақындардың, ұлт данышпандарының еңбектерін таратып, түсіндіріп оқыту жолға қойылса, ұлттық әдептілік қағидаттары үйретілсе және отбасылық құндылықтар насихатталып отырса, құба-құп болар еді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 28 рет