Облыстық департамент басшылары Сауран ауданының экономикалық көрсеткіштеріне оң баға берді

Сауран ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев пен ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш аудан активімен арнайы кездесу өткізді.

Сарыағаш ауданын дамыту жолдары талқыланды

2025 жылдың 1 тамызында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен мәжіліс өткізді. Жиында аймақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Түркістан: Төлеби ауданының инвестициялық әлеуеті таныстырылады

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Осы ретте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық мүмкіндіктері және Ленгір қаласындағы кеңес дәуірінде жұмыс істеп, тоқырау жылдарында тоқтап қалған өндіріс ошақтарының қазіргі жай-күйі таныстырылды.

Түркістан облысында су нысандарын жөндеу, ағын сумен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келіп, су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысқан болатын.

Түркістан - Жиһаз өндірісі бойынша республикалық алдыңғы қатарда

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан қаласы бүгінде рухани-мәдени орталық болумен қатар, өндірістік әлеуеті жоғары, экономикасы дамып келе жатқан орталыққа айналды. Әсіресе жиһаз өнеркәсібі бойынша өңір республика көлемінде жетекші орынға шығып отыр. Жыл сайын қалада жүздеген мың дана жиһаз өнімдері өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің өзге өңірлеріне және шетелдік нарықтарға да экспортталуда. Бұл – қала кәсіпкерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардағы жиһаз өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарды аралап, өндіріс барысымен танысты. Қала басшысы «Идеал Туркестан» ЖШС, «LIDER GROUP» ЖК және «ASIA BREND» мекемелеріне арнайы барып, өндірістік үдерісті көзбен көріп, жұмысшылармен және кәсіп иелерімен пікір алмасты.

«Идеал Туркестан» ЖШС – қаладағы ең ірі жиһаз өндірушілердің бірі. Жылына 200 000 дана дайын өнім шығаратын кәсіпорын 3 гектар аумақта орналасқан. Қазіргі таңда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қаржылық айналымы – 1,8 млрд теңге.

«LIDER GROUP» ЖК – жылына 80 000 дана жиһаз өндіріп, 1,55 млрд теңге көлемінде қаржы айналымын қамтамасыз етіп отыр. 0,55 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 60-70 азамат еңбек етеді. Компания өнімдерінің басым бөлігі жоғары сұранысқа ие.

«ASIA BREND» мекемесі де аймақтағы ірі өндіріс ошақтарының бірі. 1,5 гектар өндірістік аймақта орналасқан кәсіпорын жылына 22 000 дана жиһаз өнімін шығарады. Мұнда 150-ге жуық адам тұрақты түрде еңбек етіп, 1,1 млрд теңге көлемінде қаржылық айналым қалыптастырып отыр.

Аталған кәсіпорындардың барлығы бүгінде толық қуатта жұмыс істеуде. Бұл — Түркістандағы индустриялық дамудың нақты көрсеткіші. Қала әкімі өндіріс орындарының жұмысын жоғары бағалап, өңірлік экономиканы нығайтудағы үлестерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді тиімді пайдалану арқылы өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын баса айтты.

Жалпы, Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдау мен өндірісті дамыту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Қала әкімдігі тарапынан инженерлік инфрақұрылым тарту, өндірістік аймақтарды дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті экономиканың тұрақты дамуына және халықты жұмыспен қамтуға берік негіз болмақ.

Сауран ауданы жиһаз өндіретін өңірге айналды

Сауран ауданында кәсібін дөңгелетіп, бизнес ашамын деген жандар үшін мол мүмкіндік бар. Қазіргі таңда өңірде 30-дан аса жиһаз цехы жұмыс істейді. Аудан шеберлерінің өнімдері елімізде ғана емес, көршілес елдерде де үлкен сұранысқа ие.

 

Аудағы ең ірі жиһаз өндіріс орындарының қатарында «Ақниет Holding» өндіріс орны бар. Жобаның өндірістік қуаттылылығы жылына 34 000 дана жиһаз, 24 000 мектеп парталарының жиынтығын құрайды. Қазіргі уақытта онда 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

Өңірдегі тағы бір ірі жиһаз өндіру орны «ТАК» фабрикасы. Бұл кәсіпорын он жылдан астам уақыт бойы өз шеберлігін жетілдіріп келеді. «ТАК» – корпустық жиһаз, шпонмен қапталған үстелдер мен орындықтар нарығындағы танымал көшбасшы. «ТАК» фабрикасының жиһаздары тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де жоғары сұранысқа ие. Өндірісте үнемі жаңартылып отыратын заманауи жабдықтар қолданылады. Ондағы шеберлер жиһазды жаңғақ, қарағаш, қарағай сияқты бағалы ағаш түрлерінен дайындайды. Ондай жиһаздар жылдар өте келе өз құндылығын жоғалтпай, тіпті арта түседі.

 

Ауданда биыл жыл соңына дейін тағы 4 жиһаз өндіру цехы өз жұмысын бастамақ.

Түркістан қаласының әкімі темір-бетон және асфальт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты

Түркістан соңғы жылдары өндіріс пен шағын және орта кәсіпкерлік дамып келе жатқан жаңа экономикалық аймаққа айналып отыр. Қалада индустриялық инфрақұрылым дамып, отандық өнім өндірушілердің үлесі артуда. Осыған орай, шаһарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру, өндірістік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу - басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Түркістан қаласында жылына 1000 тоннадан астам нан және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын жұмыс істеуде

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Іссапар барысында шаһар басшысы «Ақ Жол Фудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік әлеуетін көріп, өндіріс процесі мен инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.