Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам өрт дерегі тіркелген

Облыс аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков мәлімдеді.

Түркістан: Келес ауданында шабдалы өсіру жұмыстары жанданады

Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында биыл оң өзгерістер байқалады. Өңірге арнайы келген түркиялық инвесторлар ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерделеп, жеміс-жидек шаруашылығын, соның ішінде шабдалы өсіруді дамытуға қызығушылық танытып отыр. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев шетелдік мамандарға өңірдің әлеуетін таныстырып, әріптестік орнату жолдарын талқылады.

Сауран ауданы: әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиында екі маңызды мәселе қаралды. Бірінші болып ауданның 2025 жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша индикаторлық жоспарлардың орындалу барысы тыңдалды.

Сауран: мал шаруашылығын дамыту – аудан экономикасының тірегі

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласының, әсіресе, мал бордақылау бағытындағы жобалардың маңыздылығына тоқталып, мемлекет тарапынан қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін айтты.

Түркістанның туристік әлеуетін арттыратын бастама

Түркістан қаласында туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында арнайы гид-экскурсоводтарды даярлау курсы басталды. Жоба Түркістан қаласының әкімдігі және Туризм басқармасы, Туризм және меймандостық университетінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэйды қабылдап, келіссөз жүргізді. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан бұл компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысын биылғы қыркүйек айында басталатын болды.

Түркістан: Созақты қыземшек кентінде екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Қыземшек кентінде балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында тағы екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл жолы заманауи алаңшалар Шұғыла көшесі мен екінші шағын ауданнан салынды.

Ашылу шарасына кент әкімі Марс Әбіл қатысып, тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Кент қариялары ізгі тілектерін арнап, алғыстарын жеткізді. Шара аясында балаларға балмұздақтар үлестіріліп, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік биыл Қыземшек кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін 1-ші шағынаудандағы 23-үйдің алдында тағы бір балалар ойын алаңы салынған. Сонымен қатар Таңбалытас көшесіндегі кіші футбол алаңының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында кент аумағына 7 бейнебақылау камерасы орнатылды. Көше бойларындағы жарық бағаналары безендіріліп, орталық саябақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 1 020 шаршы метр жерге аяқжол төселіп, қоршаулар жаңартылуда.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Қыземшек кентінде 9 балалар және воркаут алаңы, сондай-ақ 2 кіші футбол алаңы салынуда.

Алдағы уақытта кенттегі мектепке апаратын жол бойына веложол мен жаяу жүргіншілер жолы төселеді. Сонымен қатар мектеп маңы мен Геологтар, Жастар, Жетіқоңыр көшелері қиылыстарына жалпы көлемі 612 шаршы метр болатын аяқжол салу жұмыстары жүргізіледі.

Жарықтандыру бағытында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, атауы жоқ айналма жол (0,8 км), Сарыарқа көшесі (0,6 км), Шұғыла көшесі (0,5 км) мен Тайқоңыр елді мекенінің Ақжайық көшесіне (1,0 км) көше шамдарын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, құрылыс жұмыстары басталмақ.

Сондай-ақ Тайқоңыр елді мекенінде футбол алаңшасын салу және қоқыс контейнерлерін орнату жобалары жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, әкімдік ауласын абаттандыру мен көгалдандыру және көше атауларын жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.