Созақ ауданы: «Kazatomprom-SaUran» компаниясының 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
«Kazatomprom-SaUran» компаниясы 10 жылдық мерейтойын сән-салтанатпен атап өтті. Іс-шараның шымылдығы ұлттық нақыштағы әуендерімен ерекшеленген «Керуен» этно ансамблінің өнерімен ашылып, қонақтар үшін арнайы фотозона мен шай үстелі ұсынылды. Салтанатты кешке арнайы қатысқан Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Kazatomprom-SaUran» компаниясының барша ұжымын мерейлі мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді: