Созақ ауданында «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті

Бүгін азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.

Ордабасы: Азат Оралбаев аудан орталығындағы нысандарды аралап, бірақатар тапсырмалар берді

Алғашқы кезекте Темірландағы арнайы көпқабатты тұрғын үйлер салуға бөлінген 70 га аумақтағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердегі құрылыс барысын қадағалады. Бұл нысанда қазіргі уақытта инвестор компания «Барс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 2 қабатты 2 үйдің (32 пәтер) қабырғасы қалануда.

Ордабасы ауданы: қаржы түсімін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік, өндіріс салаларына аса басымдық берілуде

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі кездесу жиындары бүгін Қараспан және аудан орталығы Қажымұқан ауыл округтерінде өтті.

Түркістан қаласында 2025 жылға жоспарланған инвестиция көлемі 490 млрд теңгені құрайды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте дербес бөлімдердің индикаторлық көрсеткіштері бойынша рейтинг және қала ішіндегі кемшіліктерді ретке келтіру мәселелері талқыланды.

Ордабасы ауданында зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары қызу жүруде

Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын-алу мақсатындағы зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Ордабасы ауданы: ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудандағы ауылшаруашылығы саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Созақ ауданы: Тасты ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Тасты ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тағы бір игі іс жүзеге асты. Ауыл азаматы, белгілі кәсіпкер Махат Төрәлінің демеушілігімен салынған «BELES» спорт кешені ел игілігіне берілді. Жаңа спорт нысанында бокс залы, күрес залы және шынығу залдары қарастырылған. Бұл ауыл жастарының спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік туғызбақ.

Ордабасы ауданы: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында параболалық лоток өндірілетін болады

Ордабасы ауданындағы Қарақұм елдімекенінде жалпы 2 гектар аумақта орналасқан «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің өндірістік-техникалық базасы мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.