Super User

Super User

Түркістан: туристік нысандардағы сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында бақылау күшейтілді

«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қала аумағында, туристік нысандар орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында қолдау шаралары мен бақылау жұмыстары күшейтілді.

Түркістан: жанар-жағармай бағасы тұрақты деңгейде сақталуда

Түркістан қаласы аумағындағы жанар-жағармай станцияларына мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобы мұнай өнімдерінің тапшылығына жол бермеу, халық арасында түсінбеушілік пен наразылық туындауының алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында тиісті құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістанда асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамытуға арналған көрме ұйымдастырылды

Түркістан қаласында алғаш рет «Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілер» республикалық көрмесі өтті. Ерекше бастама Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Сексек ата» шаруалары ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар, ветеринария саласының өкілдері мен қонақтар арнайы келді. Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби сынды шетелден әкелінген, селекциялы және ең танымал тұқымдары қойылды. Жалпы асыл тұқымды 200-ге жуық мал басы қатыстырылды. Арасында сүтті ешкілер, текелер мен лақтар бар.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Лахор қаласының комиссарымен экономикалық және туристік салалардағы жобаларды талқылады

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Карачи және Исламабад қалаларында арнайы кездесулер мен келіссөздер жүргізді. Карачи қаласында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, Пәкістан Ислам Республикасының сауда министрі Джам Камал Хан және ҚР Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафиннің бірлескен төрағалығымен, 300-ден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті.

Осы RSS каналға жазылу