Салық түсімдерінің жоспарын орындау барысы бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шәкен Жаңбырбаев баяндама жасап, 2025 жылға арналған салық жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы 2025 жылға бюджет кірістерін ұлғайту және шығыстарын қысқарту туралы баяндама жасады. Түркістан қаласының әкімі, аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, салық түсімдерін арттыру және көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Жалпы, Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82%-ға өсіп, 22 мыңнан асты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 26 млрд. теңгені құрады. Құрылыс саласында да өсім бар. Әлі де өндіріс орындарын көбейтіп, инвестиция тарту жұмыстарын күшейтеміз дейді қала басшылығы. Инфрақұрылым да, әлеуметтік нысандардың құрылысы да жүргізіліп жатыр. Тиісті мекемелерге пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.
Бүгінде Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып келеді. Соңғы үш жылда қаланың жалпы аумағы 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, тұрғындар саны 230 мыңнан асқан. Киелі шаһарға жыл басынан бері 400 мыңнан астам турист келген. Шетелдерден келген туристер саны 4,5 мың адамнан асқан, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60 %-ға өскен.
Былтыр 3967 түркістандық қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы жалпы алаңы 400 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл салаға бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд. теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға қаржы қарастырылып жатыр. «Отбасы банк» арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.
Тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу мен тұрғындардың талап-тілектерін дер уақытында орындау үшін қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылған. Бұл өзекті мәселелерді тез арада шешуге мүмкіндік береді. Алдыңғы жылы қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. АӘК алатын отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары беріліп, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген. Соғыс ардагерлері мен соғыс ардагеріне теңестірілгендерге және тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ, 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.
Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Тұрғындарды 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қалада 16 336 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған. Былтыр жыл соңында кәріз жүйесімен қамтылғандар 55,8%-ға жеткенін айта кетейік. Жалпы сарқынды су желісімен қамтамасыз ету бойынша 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Екі нысан алдыңғы жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, ал, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етіледі.
Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі де дұрыс жолға қойылған. Бүгінгі күні қала тұрғындарының 98,0%-ы (40 мыңға жуық абонент) дербес шот ашып, «көгілдір отынды» пайдалануда. Жол мәселесі де назарда. Биыл қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 500 шақырымға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта қазір қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс орталығында қазіргі кезде 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оның 16-сы «Жолаушы» ЖШС-інің, 6 бағыты – «ТехПрофАвто» ЖШС-інің қарамағында. Екі тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобуспен қызмет көрсетеді. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда.
Жалпы былтыр 49 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 23 ойын алаңшасы, 4 саябақ пен сквер бар. Түркі әлемінің рухани астанасының келбеті де назардан түспейді. Қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ атқарады. Мердігер мекемелерді қосқанда бұл салада 2200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Тазалау, суару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтар мен аллеялардағы аяқжолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, жолақтарды сыпыру мен жууға арналған тағы да басқа жұмыстар жүргізетін үлкенді-кішілі 200-ден астам техника жұмыс атқарады.
Жалпы, соңғы жылдары Түркістан қаласында инвесторлардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар Түркістан қаласында, жалпы, облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.
Қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы - соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.
Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.
Соңғы екі жылдың ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі таңда, алдыңғы жылы – құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылып, 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy»ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3- ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған.
Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.
Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе тігін фабрикасын ашты. Тігін фабрикасы Түркістанның индустриалды аймағында салынған. Жобаны іске қосуға 700 миллион теңге жұмсалды. Өндірістің қуаттылығы айына 13 мың тоқыма бұйымдарын шығаруға бағытталған. Кәсіпорын әйелдер үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар, үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын талқылады. Тараптар жылдық тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, көрші елдің инвесторлары Түркістанның индустриалды паркінде газ плита мен су жылытқыш құрылғылар өндіруге ниеттіӨңір басшысының айтуынша, бүгінде Арнайы экономикалық аймаққа коммуналдық желі толықтай тартылған. Енді осы жерге іргедегі көршілер зауыт салатын болса, шарапатын қос тарап бірдей көрмек. Біріншіден, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Әрі тұрмыстық техниканың бағасы тұтынушылар үшін әлдеқайда арзандауы мүмкін.
Бүгінде Түркістан қаласында шағын және орта кәсіп экономиканың дамуында айрықша рөл атқарып жатқаны аңғарылады. Цифрларды сөйлетсек, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш — жалпы өңірлік өнім көлемі 222,6 млрд.теңгеге жетіп, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15% артты. Қазіргі таңда аймақта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 82,8 млрд.тг. құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 11,3% артқан.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд теңге 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд теңге, 384 жұмыс орны).
Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 751 млрд теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн АҚШ долларына жетті. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылған.2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Үкіметпен бекітілген жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірді дамытуда инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті дамыту және туризм саласына басымдық беріп отыр. Оның ішінде инвестиция тартуға айрықша көңіл бөлінген. Өңірлік инвестициялық штаб тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылып, нақты келісімдер жасалады.
Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналғалы жүйелі жұмыстар нәтижесінде шаһардың инвестициялық климаты жақсарып келеді. Соңғы 6 жылда қалаға тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп, былтыр 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат