Сенбі, 24 Мамыр 2025 10:22

Созақ ауданы: ішкі жолдар жаңартылуда

Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төселуде. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы салынуда. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталып, Қызылкөл ауылының ішкі көшелері 100 пайыз жолмен қамтылатын болады.

Аудан басшысы салынып жатқан жолдардың сапасын назарға алып, округ әкімі мен жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, биыл аудандық бюджет есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14,2 шақырымды қамтитын 12 көше жаңартылып, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.

Өткен жылы осы бағдарлама аясында 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырым жол (18 көше) жаңартылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 13 рет