Түркістан: Сайрамдағы карантиндегі ауылдардың жағдайы тұрақты бақылауда

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Қосбұлақ блок бекетіне барды.Аудандағы Көлкент ауыл округінің Ханқорған және Қосбұлақ елдімекендерінен COVID-2019 індетінің ошағы анықталуына байланысты карантинге жабылған болатын. Аудан басшысы Қосбұлақ блок бекетінде болып, төтенше жағдай талаптарының орындалуы мен дезинфекциялық тазалықтың сақталуын назарға алды.

Түркістан: «Салық әмияны» сервисі іске қосылды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "eSalyq" мобильдік қосымшасында "салық әмияны" сервисі іске қосылғанын хабарлайды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

Түркістан: “ANTIKOR.LIVE” жобасы аясында онлайн конференция өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің қатысуымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде онлайн конференция өтті.

Түркістан: Түлкібаста пошта байланыс қызметіне мониторинг жасалды

Түркістан облысы Түлкібас ауданы  Партиялық бақылау комиссиясы Қазпошта АҚ Түлкібас аудандық пошта байланыс торабының қызмет көрсету жұмыстарына мониторинг жасады. Мекеме жұмысының уақыты 09:00-18:00 арасында болса, түскі ас 13:00-14:00 арасында. Пошта қызметкерлерінің түскі асқа кезек-кезек 1 адамнан шығады, азаматтарды қабылдау тоқтамайды.

Шымкент қаласының әкімі аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтан мәжіліс өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок-бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.