Шымкент: Медициналық қызмет коронавирусқа қарсы шараларды күшейтіп жатыр
Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті.
Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті.
Төтенше жағдай кезінде Шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек.Бүгін «Шымкент сити» шағынауданындағы салынып жатқан көп қабатты үйлердің құрылысын аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету.
Сайрам Ауданы Манкент ауылының орталық көшесінде жеңіл автокөліктің жүруіне шектеу қойылады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Президент Түркістан облысындағы коронавирус індетімен күрес жұмыстарының барысымен танысып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды күшейтіп, карантиндік шараларды барынша қадағалау жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысының жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды. Саналы ғұмырын облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат, Ордабасы ауданының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы 58 жастан асқан шағында мезгілсіз дүниеден озды.